Ет бағасы қымбаттап жатқан жоқ, ол өзінің заңды межесіне келе жатыр

387

Мал бағу – ең тәуекелі көп кәсіптің бірі. 

Ет бағасы қымбаттап жатқан жоқ, ол өзінің заңды межесіне келе жатыр

Мал ауруынан, ит-құстан келетін қауіп көп. Ал мал ұрлығы – елдегі ең асқынған қылмыс түрі. Жұмысы да ауыр. Сенбі, жексенбі демалмайсың. Түн ұйқыңды төрт бөліп күзетесің. Қысқа жем-шөбін дайындайсың, оған қолданатын елдегі ауылшаруашылық техникаларының 80 пайызы әбден тозған. Ал трактор секілді техника алуға лизинг былтырдан бері ғана арттырылды. 

Сондықтан, еттің бағасы нарықтық межесіне жетуі керек. Мал мен ет экспортына тыйым салынбауы керек. Қазақ жері осыдан мыңдаған жыл бұрынғыдай жылына миллиондаған бас малды көрші елдерге сата алатын үлкен нарыққа айналуы тиіс. 

Шын мәнінде ет бағасы қымбаттап жатқан жоқ, ол өзінің заңды межесіне келе жатыр. Бұрын ол біздің елде жасанды түрде арзан болған. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл бәлен жылдан соң санақ өткізіп жатыр. Сол санақ әділ өтсе екен. Елдегі нақты мал басын анықтап алмайынша, бұл нарық "сырқат" боп қала береді. Қазірдің өзінде "мал басын көбейтіп көрсетіңдер!" деген сигнал ауыл әкімдеріне жетті деген сыбыс бар.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу