Мысалы, мен ата-анамын, балам қай мектепке барады, ақша соның артынан еріп отырады.
Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттің мектебіне бара ма, әлде Ш.Уәлиханов атындағы жеке мектепке бара ма, қаржы соған құйылады. Бұл – жан басына қаржыландыру негізінен әділетті нәрсе. Мемлекет жағдай жасағаннан кейін 2018 жылдан бастап, әсіресе соңғы 2-3 жылдың көлемінде республика бойынша жекеменшік мектеп салу көбейді. Бұған бір жағынан қуануға, бір жағынан ренжуге болады. Қуанатын жағы – талапқа сай келетін мектептердің көбейгені. Талап деген – заң талабына сай болуы. Ол бір оқушыға қанша шаршы метр болу керек, мектептің салынатын жер көлемі сәйкес келуі керек. Сонымен қатар, спорт залы, асхана, тағы басқа да қажетті салынуы тиіс дүниелер болуы керек.
Өкініштісі сол, кейбір кәсіпкер азаматтар пысықайлық танытып, ескі қойма, жабылған тойхананы мектеп қылып ашып қойған. Болмаса, біреудің басқа мақсатта салып қойған кеңселерін жалға алып ашып отыр. Мұны "ақша қуалау" деп атайды.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін