Халықтың лизинг туралы толыққанды түсінігі қалыптасқан жоқ

195

Екінші деңгейлі банктер қаржыландыруды әлі жалғастыруда. 

Халықтың лизинг туралы толыққанды түсінігі қалыптасқан жоқ

Яғни, бағдарламалар тоқтап қалған жоқ. Ал лизинг сияқты әлемдік тәжірибенің Қазақстанда кеңінен ауқым алып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі жақсы жаңалық деп ойлаймын. Қазіргі таңда ҚҚС-тің жоғарылап, теңгенің девальвацияға ұшырайтынын ескеретін болсақ, автонарық бұрынғыдай қалпын сақтай береді. Көліктер елімізде арзандамайды. Лизинг сияқты халықаралық тәжірибенің Қазақстанға келуі және жеке тұлғаларға берілуі нарықты сәл қыздырады деген ойдамын. Бірақ бұл қосымша құрал ретінде сұмдық ажиотаж болады деп ойламаймын.

Ескере кететін жайт, бүгінде халықтың лизинг туралы толыққанды түсінігі қалыптасқан жоқ. Өйткені осы күнге дейін лизинг жүк көлігі, ауыр көліктер, арнайы техника сияқты көліктерге берілген. Енді екінші деңгейлі банктер жеңіл көліктерді халыққа лизингке беретін болса, оған үйренісу үшін біраз уақыт керек. Себебі лизингпен алынған көлік жеке тұлғаның мүлкі болып есептелмейді. Ол банктің мүлкі болып жалғаса береді. Мысалы, белгілі бір азаматқа автомобильдің толыққанды иесі болудың қажеті жоқ. Оған екі-үш жылға жаңа машина керек пе, лизинг арқылы сол көлікті басқарып, иелік етіп, кейін қажет емес кезде банкке автомобильді қайтарады. Бұл ыңғайлы. Яғни, ол сатып алған машинаның қалдық бағасы үшін алаңдап жүрмейді. Қанша айдады, сонша уақытқа ақша төлейді және қосымша күшті бір сервистер бар. Лизингтегі машинаның майын, қосалқы бөлшектерін ауыстыру мәселесі банктің мойнына артылады.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу