Инвесторлар геологиялық зерттеуге ақша салуға мүдделі емес

189

Өздеріңіз білесіздер, бізде 15 шөгінді бассейн бар. 

 Инвесторлар геологиялық зерттеуге ақша салуға мүдделі емес

Соның тек қана бесеуі перспективалық болып, жақсы зерттелген. Қалғандары аз зерттелген немесе зерттелмеген. Осы заңда "аз зерттелген" деген норма енгіздік. Зерттелсе де, мәліметтері жеткіліксіз бес бассейнді тексеруді зерттеуге арналған заңды жасап шығардық. Екіншіден, Президенттің геологиялық барлау кезінде біздің аумағымызды 2,2 шаршы километрге ұлғайту керек деген тапсырмасы бар. Бізде инвесторлар геологияға, зерттеуге ақша салуға мүдделі емес. Себебі жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия деген бар. Соны жүргізіп, сол жерден бір ақпарат тапса, кен орнының бір іздері болатын болса, бұл ақпаратты тиісті құзырлы органға тапсырады. Олар бұл есепті қарап, бекітіп, мемлекеттің балансына қояды. Кейін ол кен орны аукционға шығарылады, баяғы тапқан адам ол аукционда ұтуы не ұтпауы неғайбыл. Ала алмауы да мүмкін. Сондықтан біздер геологиялық зерттеуге ақша салып, егер де одан кен орнын тапса, әрі қарай өзі барлап, игеруге мүмкіндік алатын норма дайындадық. Яғни, мен табамын, әрі қарай оны игеремін дегендей. 

...Кейбір ірі трансұлттық компаниялардың игеріп жатқан кен орындарының алдағы уақытта келісімдерінің мерзімі бітеді. Соған байланысты мемлекеттің мүддесін ескеріп, сол келісімшарттарда келіссөздер жүргізу керек деген тапсырма бар. Менің жеке пікірім, біз инвесторларға да кепілдік беруіміз керек, себебі олар қаржысын салды және біз инвестициялық климатты да құртып алмауымыз керек. Өйткені ол жерде халықаралық арбитраж арқылы сот процестері жүруі мүмкін. Сондықтан меніңше, біз мұны заң аясында істеуіміз керек деп ойлаймын.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу