Ипотекалық несие қарапайым халықтың біразына қолжетімсіз

Тұрғын үй бағасы бәрібір сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде белгіленеді. 

Ипотекалық несие қарапайым халықтың біразына қолжетімсіз

Егер де тұрғын үй құрылысына банктердің табыс салығын бұрынғы 20 пайыздың орнына 25 пайыз қойылуы жалпы әсер етпейді десе де болар еді. Себебі ол тікелей салық банктің пайдасына ғана салынады. Бірақ біздегі банктер, квазимемлекеттік кәсіпорындар, құрылыс компаниялары өздерінің пайдасын көбейту мақсатында әр жылы, әсіресе, 2022 жылы зейнетақы қорының артық ақшасын құрылысқа бағыттаған кезде олар 40 пайызға дейін бағаны көтеріп, табысын көбейтіп алды. Сөйтіп олигархтық билік тұрғын үйдің бағасын шарықтатып алып, енді өздері үлкен табыста отыр деуге болады. Ал енді бүгінгі корпоративтік табыс салығына әсері бойынша онша көп емес.
 
Қосымша құн салығы мен жеке табыс салығында прогрессивті етіп жатырмыз. Ол да жалақыға әсер етеді. Тұрғын үй құрылысына, соңғы сұранысқа әсер етпеуі мүмкін. Ал енді қосымша құн салығы бұл тікелей әсер ететін жанама салық. Алайда оның бір-ақ жыл әсері бар. Мысалы, келесі жылы ҚҚС 12 пайыздың орнына 16 пайыз болса, тұрғын үйдің инфляциясы 10 пайыз болса, соның 3-4 пайызы ҚҚС-тың әсері деп айтсақ болады. Тұрғын үйдің бағасы өседі, бірақ халықтың сұранысына әсері аз болады.

Қазір ипотекалық несие қарапайым халықтың біразына қолжетімсіз. Себебі 2021-2022 жылдарда баға шарықтап кетті. Халықтың осал санатына баспана қолжетімсіз. Ипотекалық несие алу үшін Отбасы банкке жүгінетіндер көбірек болады. Себебі халыққа үй бәрібір керек, пәтерді жалға алғаннан гөрі, өзінің үйі үшін төлеген жақсы деп көбі ипотекаға жүгінетін болады. Мемлекеттік ипотека бар және коммерциялық банктердің ипотекасы бар. Банктердің ипотекасына сұраныс азаюы мүмкін. Бай-бағландарға айырмашылығы жоқ. Олар үйлерін көбірек алып, өзінің табысын тауып отыр. 
 
Осал топқа жататын жандарға бюджеттен жәрдем беру керек. Олардың бәрі үй кезегінде тұр. Мәселе соларда. Арасында бюджеттік ұйымдарда, әкімдікте жұмыс істеп, табысы жақсы адамдар да бар. Олар да кезекте тұр. Оқытушы болса да, бюджеттік ұйымда істесе де, олардың егер де табысы жоғары болса, оларды кезектен шығару керек деген пікірлер де айтылып жатады. Сонда баспанаға мұқтаж жандарға атаулы жәрдем беруге бюджеттің мүмкіндігі болады.
 
Бізде сұраныс өте үлкен. Сұраныс көп болған жағдайда, баға да өсе береді. Бізде жан басына шаққанда 21 шаршы метрден келеді, оны еңболмаса 30-35 шаршы метрге жеткізу үшін 15 жылда жылына 20-21 млн шаршы метр тұрғын үй салу керек. Қазір салынып жатқаны – 17-18 млн шаршы метр.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу