"Қайраттың" "Реал Мадридті" ұтуға, ең болмаса тең түсуге мүмкіндігі бар

Себебі, "Реал Мадрид" UTC+2 сағаттық белдеуінен UTC+5-ке ұшып келді, яғни, 3 сағат, анығында, егер олардың UTC0 сағаттық белдеуінде екенін ескерсек, 5 сағат озықтықпен организмі адаптациядан өтуі керек.  

"Қайраттың" "Реал Мадридті" ұтуға, ең болмаса тең түсуге мүмкіндігі бар

 

Екіншіден, 5 сағат шығыс бағыттағы озықтықпен келген мықты спортшының мүмкіндігі, өз жеріндегі осалдау спортшымен теңеседі, көп жағдайда өз еліндегі жеңісте жанкүйерлер қолдауынан осы фактордың да маңызы кем емес. 

Сондықтан, Мбаппенің өзі бүгін сылбырлау қозғалса, еш таңғалмаңыздар! Әрине, 1 күн онша әсер бермеуі де мүмкін, бірақ зияны болады. 

Хронобиология космостық медицинамен қатар, спорттық медицина дамуымен де байланысты, сондықтан "Реал Мадрид" бапкерлері құрамында хронобиолог маман міндетті түрде бар деп ойлаймын. 
Сенбесеңіз, жасанды интеллектіден "спорттағы хронобиология" деп сұрап көріңіз...

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу