Көзге түсе алмаған болғанда, дұрысы бапкерлер мүмкіндік бермей жүр еді. Осы жылы "Қайрат" қақпашыларының шеберлігіне тәнті болып жатырмыз. Яғни, бапкерлер сенім артса, біздің жігіттер де әлем мықтыларынан еш кем емес екенін көрсетіп жатыр.
Іріктеу кезеңінде Темірлан Анарбек өзіне берілген мүмкіндікті мүлт жібермеді. Сауатты ойынымен, қырағылық және көз ілеспес жылдамдығымен танылып, командасының ғана ұлттық құраманың да негізгі қақпашысы атанды. Темірлан жарақат алып еді 18 жастағы Шерхан Қалмұрза жерлесін жоқтатқан жоқ. Тіпті, сырт алаңда 11 метрлік айып добын қайтарып, және басқа да қауіпті соққыларға тосқауыл бола білген қазақ ұлы келешегі жарқын екендігін паш етті. Яғни, доп ойнауда, қақпа күзетуде қазақ ұлдарының қолынан келетінін жастарымыз дәлелдеп берді.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін