Дегенмен егер пранк зиян келтірсе немесе қауіпсіздікке қатер төндірсе, бұл шектеуді ақтап ала алады.
Пранктың қоғамға зияны түрлі формада көрінуі мүмкін: стрестен бастап физикалық қауіпке дейін. Пранк жалған ақпарат таратуы, паникалық реакция тудыруы немесе зақым келтіруі мүмкін. Жеке өз басым үшін нақты зияны жоқ, бірақ кейбіреуінен зорлықты насихаттауды көремін. Бұл ретте мен егер жастарға бұл әрекет өзгелердің құқығын бұзатынын және дискриминация немесе зорлықты насихаттайтынын түсіндірсе, мұндай жағдайлар мүлдем болмайды деп ойлаймын. Сол үшін халықпен түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет.
Пранк аясында жасалатын қылмыстық немесе ұятсыз әрекеттер қолданыстағы заң аясында жазалануы мүмкін. Мұндай жағдайларда тәртіпсіздік, зорлық немесе қоғамдық тәртіпті бұзу баптары қолданылады. Кей жағдайларда нақты реттеулер үшін заңды нақтылау немесе жаңасын жасақтау қажет болады.
Шектеудің әрекет ету саласын анықтау қиын болуы мүмкін. Авторлардың ойы мен қоғамның пікірін негізге ала отырып, айқын критерийлер енгізу қажет. Мысалы, физикалық немесе эмоционалды залал келтіретін пранк орынсыз деп саналуы мүмкін.
Кейбір мемлекеттерде зиянды пранкке қарсы қатал заң қарастырылса, енді біріплатформалар мен қоғамдық пікірдің өзара реттесуіне сүйене отырып, еркін қатынасты таңдаған. Мысалы, кейбір елде айтарлықтай залал келтіруі мүмкін пранк үшін қылмыстық жаза қолданылуы мүмкін.
Мысалы, мен қорапқа салып, екінші әйелсыйлауды көп әйел алушылықты насихаттау деп түсінемін, ал бұл біздің елде заң бойынша тыйым салынған және әйелдердің құқығын бұзу деп саналады. Адамның құқығын бұзатын, оның ар-намысын таптайтын барлық пранк пен әзіл-қалжың маған ұнамайды. Әзіл үшін, әйелінің реакциясын көру үшін балаларды ұру немесе адамның бетіне жұмыртқа жарып, басына торт лақтыру – дискриминация және агрессияның сипаты, адамды мазақ ету және адам құқығын бұзу. Қалжың мен адам құқығын сақтау арасында нақты шекара болуы тиіс.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін