Қазақстан – көпвекторлы саясат ұстанатын мемлекет

846

Жақында ғана ШЫҰ елдерінің саммиті өтті.  

Қазақстан – көпвекторлы саясат ұстанатын мемлекет

Қазақстан астанасында болып жатқан Орталық Азия елдері бас қосқан жиынға елдің ішінде де, одан тыс та қадағалап отырғанын байқауға болады. Бұл жиынның Қазақстан үшін маңызы зор. Соңғы кезде Қазақстан әлемдік деңгейдегі осындай іс-шаралардың көш басында жүргенін байқап жүрміз. Жақында ғана ШЫҰ елдерінің саммиті өтті.  

Орталық Азия елдерінің өзара ынтымақтастығына оң баға беруге болады. Көршілес Орталық Азия елдерінің әрқайсында проблемалар бар. Бірақ сол мәселелерді жеке-жеке шешкеннен гөрі  бірлесе шешкен дұрыс. Қазақстанның аймақтағы рөлі ерекше деуге толыққанды негіз бар. Қазақстан – әр уақытта көпвекторлы саясат ұстанып жүрген мемлекет.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастыққа келсек, былтыр ғана Сарыағаш-Дарбаза темір жол желісін ашуға ниеттеніп, келісімшартқа қол қойды. Бұл қазіргі жүк тасымалы жолын кеңейту керек екендігін білдіреді. Біз логистика, транспорт, инфрақұрылым жағына да көңіл бөлуіміз керек. Сонда ғана Орталық Азиядағы бауырлас мемлекет ретінде, бір бағыттағы мемлекеттің қауымдастығы ретінде әлемдегі орнымызды нақты ғып белгілей аламыз.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу