Қазақстанға мықты ойыншы келсе банктер төмен пайызбен ипотека бере алады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында отандық қаржы жүйесіне үш шетелдік банктің қосылатынын айтты.  

Қазақстанға мықты ойыншы келсе банктер төмен пайызбен ипотека бере алады

Бұл нарыққа қалай ықпал етеді? Жаңа ойыншылардың келуімен несие алу жеңілдей түсе ме?

Бірнеше банкпен қаржылық "аквариумда" отырмау үшін толығымен ашық болған жақсы. Бізге әлемдік банктер ғана емес, финтех банктер келіп, бәсекелестікті арттырып, шарттарды өзгерткенін қалаймын. 

Мемлекеттің көмегінсіз қазір ипотека және автонесие нарығы тұралап қалды. 

Жаңа ойыншылардың келуі бұл салаға серпін беруі мүмкін. Бірақ, ең алдымен корпоративтік секторға және оларды қолдауға назар аударылады. Бөлшек саудаға маманданған банктер келсе, секторда жаңа ұсыныстар пайда болады

Жаңа ойыншылардың келуімен несие алу жеңілдей түсуі мүмкін. 

Себебі банктер қорландыруға тәуелді. Егер олар төмен пайыздық мөлшерлемемен ақша тартуға қабілетті болса немесе олардың меншікті капиталы жеткілікті болса, толығымен демпинг жасай алады. Теориялық тұрғыдан алғанда біздің банктер төмен пайызбен несие бере алады, бірақ бәсекелестердің ешқайсысы мұндай қадамға бармаған соң пайдадан қағылудың қажеті қанша? Есіңізде болар ұялы байланыс нарығына Tele2 келгенде салада қаншама өзгеріс болды. Егер алдағы уақытты нарыққа осындай ойыншы келсе, банктер төмен пайызбен ипотека бере алар еді.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу