Қазірдің өзінде елімізде су тапшылығы байқалып отыр

Су ресурстары және ирригация министрлігі міндетті түрде керек. 

Қазірдің өзінде елімізде су тапшылығы байқалып отыр

Себебі су дипломатиясы деген бар. Су мәселесі көршілес елдермен тек қана дипломатиялық жолмен шешіледі. Қазақстанда судың негізгі көлемі көрші елдерден келеді. Сондықтан бұл мәселе геосаясатты, дипломатияны қажет етеді.

Жаңадан құрылатын ведомствоның алдында тұрған негізгі басым міндеттің бірі елдегі су ресурстарының толық есебін жүргізу болуы тиіс. Барлық ғылыми зерттеулер алынып, анализ жасалыну керек.

Екінші бағыт – су дипломатиясын күшейту. Былайша айтқанда, халықаралық қарым-қатынас, көршілес елдермен су дипломатиясына байланысты одақты құру керек.

Үшіншіден, ауылды жерлерге ауыз судың келуі толық түрде зерттелуі тиіс

Бүгінгі таңда республикамызда су мамандары, гидротехниктер жетіспейді.

Бұдан басқа қазір барлық әлемде суды үнемдейтін технология бар. Суды үнемдеп пайдалану, әр пайдаланушыға тек қажетті суды ғана беру дегендей. Бұдан бөлек пайдаланған суды тазарту арқылы оны қайта кәдеге жарату бойынша технологияларды енгізу қажет. Бұл технологияларды Дүниежүзілік Банк пен Еуропалық даму банкі гранттар беру арқылы қаржыландырады. Осындай технологияларды пайдалану министрліктің мойнына ілінуі керек. Министрліктің алдында нақты межелер қойылуы тиіс

Қазірдің өзінде елімізде су тапшылығы байқалып отыр. Мысалы, осыған дейін Маңғыстауда, қазір Жамбыл облысындағы жағдай – мұның бәрі суды басқару саясаты су ресурстары комитеті және экология министрлігімен дұрыс жүрмегендігінің әсері.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу