Қазіргі уақытта төрт-бес аймақта су тасқыны қаупі бар

2024 жылғы су тасқынының негізгі себебі – климаттың өзгеруі мен каналдардың сапасыздығы. 

Қазіргі уақытта төрт-бес аймақта су тасқыны қаупі бар

Сол тасқыннан кейін қазір Үкімет те, Төтенше жағдайлар министрлігі де, Су ресурстары және ирригация министрлігі де тасқынның алдын алуға белсенді кірісіп жатыр. Қазір төрт-бес аймақ қана су тасқыны болуы мүмкін қызыл аймақ деп белгіленіп отыр. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Абай, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Жетісу облыстары. Енді таулы аймақтарда бұл белгілі құбылыс, жылда оның алдын алып, бөгеттерді нығайтып жатады. Бұл жылда істелініп жатқан дүние. Су тасқынының алдын алу үшін Үкімет цифрлық технологияларды пайдаланып отыр. TALSIM деген болжам жасайтын бағдарлама бар. Ол Төтенше жағдайлар министрлігімен біріктірілген. Ал екіншіден, ТАSQYN деген ақпараттық жүйе бар.

Су тасқыны дәл 2024 жылдағыдай болмайды деп ойлаймын. Өйткені биыл қыс жылы, алдыңғы жылдың қысындай болған жоқ. Әр жердің ерекшеліктері бар сол сияқты. Мысалы, Батыс Қазақстанда Жайық өзенін алсақ, ол жерде көп су Ресейдің Иреклі су қоймасынан келді. 

Алдыңғы жылдағы қыстың ерекшелігі жаһандық климаттың өзгеруінің дәл өзі. Мысалы, Индонезиядағы аралдарда мұхит, теңіз суының деңгейі көтеріліп, басып жатыр. Ал бізде климаттың өзгеруі басқаша, осындай жағдайларға әкеліп отыр. Біз жаһандық климат өзгерісін онша сезген жоқпыз. Негізінде оның бізге қауіпті әсері ол құрғақшылық. Қазір көктем жақындап келе жатқаннан кейін тасқын туралы ойланып отырмыз ғой. Ал бірақ та, әр жағында су тапшылығы, құрғақшылық деген апаттар өте қауіпті. Біз оған бейімбіз.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу