Қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда айына орташа алғанда 30 мыңнан 40 мыңға дейін мәміле жасалған. Осы жылдың 9 айында сұраныс 15 пайызға өскен. Бұл ипотекалық өнімдердің болуына, бірегей жеңілдікті бағдарламалардың жоқтығына қарамастан сұраныс қалпына келіп жатыр деген сөз. Екінші фактор – тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші. Биыл жоспар 18 млн шаршы метрді құрап отыр. Біз бұл қолжетімді жоспар екенін көріп отырмыз. Келесі бір маңызды көрсеткіш – баға. Биыл баға алдыңғы кезеңдерге қарағанда қарқынды өскен жоқ. Орташа өсім ай сайын 0,5-1 пайыз болды. Жылдың соңына қарай шаршы метр бағасының өсімі 10-12 пайыз аралығында тіркелуі мүмкін. Баға өсіп жатқанын көріп жатырмыз, оған сұраныстың, өзіндік құнның өсуі әсер етуде.
2025 жылы инженерлік желілердің жетіспеушілігі байқалуы мүмкін. Бүгінде ЖЭО айтарлықтай белсенді жөнделіп жатқан жоқ, олар тозып жатыр. Бұдан басқа электр қуатының, ағынды суларды тазарту қондырғыларының жетіспеушілігін көріп отырмыз. Жаңа учаскелерді инфрақұрылымдық желілермен қамтамасыз ету факторы тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің азаюына әсер етуі мүмкін.
Келер жылы баға баяу, бірақ тұрақты түрде өсуін жалғастырады. Оған сұраныс, инфляция және пәтердің өзіндік құнының өсуі ықпал ететін болады.
Қазақстан нарығына тән негізгі трендтің бірі – екі бөлмелі пәтерлерді сатып алу. Одан кейінгі орында бір бөлмелі, үш бөлмелі пәтерлер тұр. Бұл соңғы үш жылда байқалып отыр.
Алматыда қала сыртынан үй сатып алу көрсеткішінің өсуіне осы жылдың басында болған жер сілкінісі жаңа серпін берді. Астанада бұл сегмент тұрақты өсім жалғастырып келеді. Келешекте қала сыртынан жылжымайтын мүлікті сатып алу көлемі бүгінге қарағанда жоғары болады.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін