Қозғалтқыш көлемі үлкен ескі машиналарға салықты азайту керек

Қозғалтқышы үлкен ескі көліктер үшін салықты оңтайландыруды ұсынар едім. Мәселен, бізде қозғалтқыш көлемі 4 литрден асатын ескі көліктер жетерлік, олардың салығы өте жоғары.

Қозғалтқыш көлемі үлкен ескі машиналарға салықты азайту керек

Заңда осындай қисынсыз дүние бар. Қолдануы 20, 30 жылдан асқан үлкен қозғалтқышы бар көліктерде қалыпты салық болуы керек. Себебі мақсат үлкен қозғалтқыштарға салық салу болды, заң қабылданған кезде үлкен қозғалтқышы бар көліктердің дені премиум санаттағы, яғни қымбат көліктер болатын. Оларға жоғары салық салу ақылға қонымды еді. Бірақ ескі машиналар да осы мәселеге тап болды.

Ескі көліктерге салынатын салықты азайтуға қатысты өзгерістерге халық алғысын айтуы мүмкін. Меніңше, тек қазынаға аз түсетіні болмаса, ол ешнәрсеге әсер етпейді. Егер де көліктегі қозғалтқыш көлемі 2 литрге жуық болса, онда салықтың төмендеуінің қатты әсері болмайды. Осыған дейін жылына 10 мың төлеп келген адам енді 5 мың төлейтін болады дегендей. Қозғалтқыш көлемі үлкен ескі машиналарға салықты азайту керек, сонда қисынды болар еді.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу