"Қызғалдақтың отаны – Қазақстан" деу үшін, біз оны зерттеуіміз, насихаттауымыз керек. Түркістандағы қызғалдақтар қазір жақсы өсіп жатыр, таралуы да жаман емес. Бір қызғалдақтың өзімен бір маусымда елімізге туристердің үлкен тобын тартуға болады.
Елге келетін кейбір гүлді біз "голландиялық қызғалдақ" дейміз. Кешегі 8 наурызда неше түрлі қызғалдақ сатылды, миллиардтаған қызғалдақ! Ол – әлемде саны жоқ қызғалдақтар. Бәрі негізінен Голландияда өсіріледі. Ондағы қызғалдақтар – біздің тұқым. Қазақ даласынан кеткен, Орта Азиядан барған. Олар қазір гибриді мутацияға ұшырап, әдемі түрін шығара алмай отыр. Бұл бойынша бізде мүмкіндік көп. Өзіміздің даламызда өсіп тұрған дүние ғой. Оны алып, жылыжайларда өсіріп, далада өсіріп, әлемге қызғалдақтың мәдени түрін тарататындай, сататындай мемлекетке айналуымызға болады. Бұған көп уақыттың керегі жоқ.
Бұған үкіметтік деңгейде 3-4 жыл көңіл бөлінетін болса, кәдімгідей жер-жаһанға қызғалдақтың бір эволюциясын жасап шыға аламыз. Өйткені, біздің Голландияның саудасын тоқтатып тастауға мүмкіндігіміз бар.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін