Либерал қоғамда пікір әралуандығы болуы керек

​Мен, өз басым, ақпараттық бизнестің дамуына қарсы емеспін. 

Либерал қоғамда пікір әралуандығы болуы керек

Өйткені еркін, либерал қоғамда пікір әралуандығы болуы керек. Егер адам өзін белгілі бір салада эксперт ретінде бағалайтын болса, курс ашып, оқырмандарына бойындағы білімін бере алуға құқығы бар. Сол арқылы кез келген тақырып не мәселе бойынша пікірталас туындап, ақпараттық бизнес еркін пікір нарығының қалыптасуына ықпал етеді. 

Десекте, әсіресе, психология тақырыптарында, психолог не өмір сүруге үйрететін коучтерге жүгінерде абай болған жөн. Өйткені психологиясы онсызда кілтипан беріп тұрған адамның психологиясын одан әрі бұзып жіберуі мүмкін. Әрине, мұндай курстар көбінесе құлақты елең еткізетін, өтпелі бір мотивацияны қалыптастыратын дүние болып келеді, көбінесе. Ондағы берілетін ақпарат көбіне ғылыми еңбектер мен пайымдауларға негізделмейді.

Сондықтан курсқа жазылар алдында адамдар ондағы берілетін ақпараттың қаншалықты ғылыммен байланысы барын алдын ала сұрағаны дұрыс, яғни, қоғам мүшелері өздері сан алуан курстар ішінен, елгезерден ұн өткізгендей, сапалысын әрі пайдалысын таңдай білуі керек. Ал әлеуметтік медиа, коммуникация дамыған кезеңде көрсетілетін қызметтің сапасына баға беру өте оңай. 

Ақпарат бизнесі ұсынатын курстардың сапасы мен жалпы қоғамның білімінің артуына екі жағдай оң әсер етеді деп ойлаймын. Біріншісі, пікір әралуандылығының қалыптасуы.

Екіншісі, медианың ғылым журналистикасына бет бұруы. Ғылымды, ғылыми жаңалықтарды бәріне түсінікті, қарапайым тілмен жеткізу маңызды.

Сонымен қатар білім беру органдарының ашық әрі еркін, білімді ұрпақ тәрбиелей алуы да өзіндік ойы бар, саналы қоғамның қалыптасуына үлкен әсер етеді.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу