2017 жылдың қорытындысы бойынша қолжеткізген жетістіктер бір жыл бұрынғыға қарағанда көңіл қуантарлық. Жалпы экономикалық тұрғыдан алып қарайтын болсақ, 2017 жылы жақсы болды. Мұны мұнай мен бюджеттен көріп отырмыз. Елдегі бар өндірістің кез келген басқа түрі сияқты автомобиль өндірісі дегеніміз не?
Жалпы бюджет көп, мұнай бағасы жоғары болып, мемлекеттің қарызы азаятын болса, әрине, бұл көңіл қуантады. Жалпы автомобиль өндіруге келер болсақ, онда оның өткен жылғы көлемі шамамен үш есе өсті. 2017 жылы өндірістің шоғырландырылған көлемі шамамен 18-20 мың автомобильге жетеді деп ойлаймыз. Жалпы нарық шамамен 15%-ға көтерілді, бірақ ол екінші жартыжылдықтан бастап қана жақсы өсе бастады. Ал сапалы көрсеткіштерге тоқталар болсақ, онда өңдеу өнеркәсібіндегі орындалу көлемі 146% болды.
Былтырғы жыл жалпы жүйелі шаралар тұрғысынан үлкен серпіліс болды. Ол тек қолдауға ғана қатысты емес, жалпы елге автоөнеркәсіп не үшін қажет дегенді түсінуге мүмкіндік берді. Бізді өндірісті жерсіндіруге қатысты барлық процестерге жауапты ете бастады. Мемлекет компаниядан: "Бізге мынаны беріңіз, одан мынау шығады", – дегенді естиді, бірақ та мемлекет жерсіндіру динамикасы қандай екенін, яғни компаниялар жерсіндіру мәселесін қалай шешіп жатыр, нақты қанша адамды оқытты соны білгісі келеді
Жалпы салаға қатысты бірнеше жаңа жоба болды, оның барлығы жерсіндіру дәрежесінің артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар ӨКЖ енгізіліп, биыл зауытты іске қостық. Зауыт қазір жақсы көрсеткіштер көрсетіп, тек бір жылдың ішінде 47 мың автокөлікті өңдеді. Алюминий дискісін өндіру зауыты іске қосылды. Қызылордада шыны зауыты іске қосылады деп күтіп отырмыз. Яғни жақсы қадамдар жасалып жатыр. Үкімет машина жасауға экономиканы дамытудағы базалық сала деп қарай бастады.
Бізге сенбегендердің бәрі, біздің Қытаймен жасаған келісіміміздің куәсі болды. Біздің үкімет Қытаймен бұрыннан жұмыс істеп келе жатса да, қоғамда қандай да бір қорқыныш бар. Шын мәнісінде, егер автокөлік өнеркәсібін алып қарайтын болсақ, Қытай – жақсы инвестор, 28 млн автокөлік – бұл барлық әлемнің өндіретінінің 30%-ы, бұл көлем Америкадағы ең үлкен нарықтың өзінен екі есе асып түседі. Бұл ретте Қытайдағы автомобильмен қамту мың адамға 108-ден келеді, ал Америкада - 940, яғни өсу әлеуеті өте зор. Біздің келісім жасайтынымызға көбісі күдікпен қарады, ал шындығына келер болсақ, біздің нарық қытайлық серіктес үшін қызықты. Биылғы жылы жақсы жұмыс жасадық деп айта аламыз.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін