Мен жасанды интеллектіден қорықпаймын

Неге қорқуым керек? 

Мен жасанды интеллектіден қорықпаймын

Әңгіме сіздің қорыққаннан не қорықпағаныңыздан өзгермейді. Уақытқа бәрібір, сен қорқасың ба, қорықпайсың ба? Ол "сені қорқады екен" деп айрықша жағдай жасамайды…

Иә, солай заман кетіп бара жатыр. Қазір компьютер шықты. Егер сен соны түсініп, соның жаңағы икеміне еріп, соны өзіңе бағындыра білсең, оның пайдасын көре білсең, яғни басыңды істетсең, өзің де мықты боласың, сенің елің де жақсарады. Ал егер "ойбай да, ойбай" деген баяғы ескі себепті әңгіме айтатын болсаң, соны қайталай беретін болсаң, ол – сенің қып-қызыл ақымақтығың. Басқа ештеңе емес.

Түйін: егер сен жаңа технологияны игерсең – пайдасын көресің. Ал қарсы болсаң – артта қаласың.

Жасанды интеллект деген не? Компьютер деген не? Компьютер – үлкен дауыл, цунами, жел, қара күш. Бірақ, соны сен басқара білуің керек. Ол дұрыс. Бұйрық бере білу керек. Компьютердің тілі деген "программа жазу" дейтін біздің кезімізде. Қазір "қуаттау" деп аталады.

Компьютерде екі-ақ сан бар. Нөл және бір деген. Шындық және жалған деген. Компьютердің тіл – осы. Ал адами тіл басқа. Мүлде басқа. Сондықтан бүкіл адами өмірге сіз компьютерлік өмірді, көзқарасты әкеле алмайсыз. Алайда бүгінгі заман – компьютердің заманы. Сіз соған бейім болуыңыз керек. Бұл арада Ньютонның көзқарасын жүзеге асыру керек. Ньютон "қисық жоқ" дейді, тағы бірде "қисықты көрсең, түзу қыл" дейді. Былай қарағанда қате сияқты. Негізінде қате. Бірақ, Ньютон "Бұл – қате нәрсе. Десе де, қатенің шамасы бар" дейді.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу