Оңалту және банкроттық саласында міндетті реттеу енгізу қажет

3441

Бұған дейін маған банкроттықты басқарушылар бірлестігінің өкілдерінен бірнеше өтініш түсті, олар оңалту және банкроттық саласын реттеуді қайта қарауды сұраған болатын.  

Оңалту және банкроттық саласында міндетті реттеу енгізу қажет

Олардың өтініштерін зерделеу кезінде бизнесті банкроттық жолмен "жабу" өте күрделі екені анықталды. Кәсіпкердің бизнесін жалғастыруға ниеті мен мүмкіндігі болмаса да, несиелік берешегін ұлғайта отырып, шығынды өндіріс қызметін жүзеге асыруға мәжбүр болады.

Бұдан басқа, банкроттық рәсімдерін жүргізетін, кәсіби мамандардың қызметін реттеу саласында да біршама үлкен мәселелер бар, өз кезегінде олар рәсімді барынша тежейді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметінде мүдделер қақтығысы бар, өйткені ол оңалту және банкроттық рәсімдерінде бір мезгілде кредитор және уәкілетті орган ретінде әрекет етеді. Бұл осы саланы реттеуді қайта қарау бойынша реформаларды тиісті дәрежеде жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Бұл жағдай мемлекеттік кірістер органдарының бастамасы бойынша әкімшілерді активтері жоқ кәсіпорындардың банкроттық рәсіміне тарту тәжірибесін енгізді, бұл ретте әкімшілердің жұмысына ақы төленбейді.

Сонымен қатар, әкімші өкілеттігін орындаудан бір жыл ішінде екі реттен артық бас тартқан тұлға бірден тізілімнен шығарылады және тиісінше оңалту және банкроттық жөніндегі қызметпен айналыса алмайды ("Оңалту және банкроттық туралы" Заңның 12-бабының 8-тармағы).

Жалпы, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында әкімші мамандығы жоқ.

Осылайша, жас құзыретті тұлғалар үшін қызметтің бұл түрі экономикалық тұрғыдан тартымсыз болып тұр. МКК сайтының ақпараты бойынша, тізімге әкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар 340 адам енгізілген. Әкімшілердің орташа жасы 45 жастан асады.

Аталған проблемалар Парламент Мәжілісінде де көтеріліп, талқыланды. Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру және қысым тетіктерін әлсірету қажеттілігі қолдау тапты.

Алайда, аталмыш салада проблемалар туындап жатқанына және мүдделер қақтығысына қарамастан, бұл мәселе бойынша шешім әлі қабылданған жоқ.

Сондықтан мен Премьер-Министрдің атына осы проблемаларды шешуін сұрап жүгіндім, оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысатын әкімшілердің қызметіне міндетті өзін-өзі реттеуді енгізуді ұсындым.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу