Екіншіден, өкінішке қарай, көп жағдайларда мұндай адамдар жауапқа тартылмайды. Пранк жасап жүргендер жауапқа тартылуы керек. Себебі адамның өмірімен, денсаулығымен, абыроймен ойнауға болмайды. Келесі мәселе тәрбиеге қатысты. Демек, бұл адамдар тәрбиесіз адамдар деп ойлаймын. Себебі пранк жасаушылар адамдарды ыңғайсыз, күлкілі жағдайға қалдырып жатады.
Қазақтың "Атың шықпаса, жер өрте" деген сөзі бар. Бұл соған ұқсас нәрсе. Олар лайк, әлеуметтік желілердегі танымал болуға ұмтылу, хайп қуады. Бұл – қазіргі заманның дерті. Есі дұрыс адам ең бірінші орынға өзінің абыройын, намысын қоюы тиіс. Дұрыс құндылықтар болуы қажет. Адамдар бір-біріне құрметпен қарауы керек. Ал пранкерлер қажет болса адамның тағдырымен ойнауға, дау шығаруға дайын. Олардың құндылықтары – әлеуметтік желілердегі қаралым, лүпілдер, ақша қуалау. Құзырлы органдар бұл жағдайларды мұқият қадағалап, пранкерлер табылған жағдайда оларды жауапқа тарту қажет. Бұл камераның алдында кешірім сұрау емес. Белгілі бір мөлшерде айыппұл салыну керек болмаса бір айға немесе жарты жылға абақтыға қамалу керек. Себебі адамда кішкене қорқыныш болуы тиіс. Яғни, заңның, қоғамның алдында, біреудің ала жібін аттамау дегенде жауапкершілік болуы тиіс.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін
 
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                