Бізге барлығымызға салықты төлеу мәдениетіне үйренуіміз қажет деп ойлаймын. Мысалы, Еуропа елдерінде, АҚШ-та салық төлемеу үлкен қылмыс болып есептеледі. Сондықтан Қазақстанның азаматтарына, барлығымызға, депутат болсын, министр болсын, бизнесмен және басқа да азаматтарға салықты төлеу мәдениетіне үйренген жөн. Әрине, бұған біраз уақыт керек шығар. Дегенмен де, егер белгілі бір шаралар болмаса, ондай мәдениеттің қалыптаспайтыны түсінікті. Өйткені елдің экономикалық әлеуеті осы азаматтардың мемлекеттік қазынасына қосатын үлесіне байланысты болады. Менің ойымша, барлығымыз салық төлеуге үйренуіміз қажет.
Онлайн платформалар туралы заңға сәйкес, әлеуметтік желіде белгілі бір жарнама орналастырған жағдайда, "жарнама" деген белгі қойып, соған сәйкес салық төлеу жөнінде тармақ қарастырылған. Яғни, азаматтар әлеуметтік желіде жарнама немесе басқа да экономикалық тұрмыс-тіршілікпен айналысатын болса, онда одан салық төленуі қажет. Бұл заң осыдан бір жыл бұрын күшіне енген.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін