"Сапалы білім сұрап митингке шықпайды"

2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есе, ғылымға бөлінетін қаржы 7 есе өсетін болды.

"Сапалы білім сұрап митингке шықпайды"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында білім беру саласын дамытуға ерекше тоқталғаны белгілі. Экономика білімге тәуелді болған соң, бұл саланы түбегейлі реформалау керек екенін айтты. Осыған орай, 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есе, ғылымға бөлінетін қаржы 7 есе өсетін болды.

"Қазақстан" ұлттық арнасының эфирінде өткен "Ашық алаң" бағдарламасында:

"Біз үкіметтен талап еткен кезде материалдық жағдайды басты назарға қоямыз. Киім, тамақ, үй талап етеміз. Неге сапалы білім бер деп сұрамаймыз? Мектептер мен университеттер сапалы білім бермейді деген талаппен митингке шыққан адамды көрдіңіз бе? Лайықты білім бере алмасаң, сапалы білім алудың жолын көрсет деп те ешкім айтпайды. Жалпы халық емес, белгілі бір қоғам өкілдері ғана бұл мәселені көтеріп жүр", – деді М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті Басқарма Төрағасының орынбасары.   

Тікелей эфир барысында Білім және ғылым министрлігі өте жақсы шешім шығарғаны да айтылды.

"Әлеуметке проблема шыққан соң, халық мұны білуі керек. Грантты бұрын университетке беретін. Университеттер соған жабысып отыратын. Қазір грантты студентке берді. Студент түскен университетіне көңілі толмаса, басқа рейтингі жоғары оқу орнына ауысып кете алады. Осындай дұрыс өзгерістер осыдан 15 жыл бұрын жасалуы керек еді", – деді.

Нұржан Көшкін

 

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу