Сенат 30 жыл ішіндегі өзінің міндетін мүмкіндігінше атқарды

218

Бұл біраз уақыттан бері өзінің шешімін күтіп тұрған мәселе деп ойлаймын. Мемлекет басшысы айтқандай, Сенат осы отыз жыл ішіндегі өзінің міндетін мүмкіндігінше атқарды. 

Сенат 30 жыл ішіндегі өзінің міндетін мүмкіндігінше атқарды

 

Өзінің миссиясын орындап, келесі дамуға, қоғамның саяси-әлеуметтік дамуына жол ашып тұр деп қараған дұрыс. Сондықтан бұл ұсыныстың бізге тиімді жағы көбірек екені айқын. Бұл, әрине, Конституциялық реформаны талап етеді. Оны жүзеге асыру үшін референдум болады, халықтың өз ойын білдіреді. 

Егер қоғамға өте қажет болатын болса, елдің жағдайын жақсартуға, экономиканың дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге, инвестиция тартуға, қазіргі замандағы өзгерістерге тиімді жағын пайдалануға септігін тигізсе, әрине, Конституциялық реформаға баруға тура келеді. Ал енді бір палаталы Парламент құрамында қанша депутат болу керектігіне келсек, депутаттардың саны онша көп болғанын қаламаймын. Депутаттардың саны емес, сапасы болу керек деп ойлаймын. Аппаратта жұмысты білетін, 15-20 жыл істейтін кәсіби мамандар бар. Олар депутаттарға кеңесші, көмекші бола алады. Сондықтан депутаттардың саны көп болғаны да қажет емес деген пікірдемін. Әр елдімекендегі адам саны әртүрлі ғой. Мысалы, оңтүстікте халық саны көбірек болса, солтүстікте адам саны азырақ. Соның бәрі ескерілуі керек. Мысалы, әр облыстан 1-2 деп санайтын болсақ, 40-50-дей болуы керек шығар, себебі көп болғаны да жақсы емес. Оның бәрі қаржыға келіп тіреледі, депутаттың көмекшілері болады. Саяси партиялардан ұсынылады деген де дұрыс. Әр партияның арасындағы бәсекелестік пен оның араларындағы жауапкершілігі артады да, бұл кәсіби Парламентке жақын болады.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу