ШЫҰ және БҰҰ сияқты ұйымдар қақтығыстарды шешуде маңызды үлес қосады

Ең алдымен, қақтығыстардың алдын алуда бірлесіп жұмыс істей аламыз.  

ШЫҰ және БҰҰ сияқты ұйымдар қақтығыстарды шешуде маңызды үлес қосады

Яғни қақтығысқа жол бермеуге барынша күш салу керек. Біз терроризмге қарсы күресте бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Терроризм әлемнің осы бөлігінде әлі де қауіп төндіріп тұр. Сондықтан БҰҰ-ның Терроризмге қарсы басқармасы зорлық-зомбылық экстремизмі мен терроризмге қатысты мәселелер бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымымен толық ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын. Екінші жағынан, екі ұйым бейбітшілікке, диалогқа және проблемаларды шешуге ерекше мән беріп отыр.

Алпауыт державалар бір-біріне қарсы болған кезде, Қазақстан сияқты елдер өте маңызды рөл атқарады. Шанхай ынтымақтастық ұйымы және БҰҰ сияқты ұйымдар қақтығыстарды шешуде, халықаралық экономикалық қатынастарда әділеттілік орнатуда, дамушы елдердің мүддесіне орай халықаралық қаржы институттарын реформалау мен адам құқықтары саласында өзінің маңызды үлесін қосады. Адам құқықтары экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси және азаматтық құқықтарды қамтиды. Бұл мәселелерді баршамыз бірлесе қарастыруымыз керек, яғни қосарланған стандарттарға жол бермеу қажет. Меніңше, осы қадамдар адам құқықтары саласындағы прогреске ықпал етеді және түрлі дау-дамайға тосқауыл қояды.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Silk Way-ге берген эксклюзивті сұхбатынан үзінді

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу