Су тарифі арзан болғандықтан, халық оны үнемдеуге еш мән бермейді

149

Қазақстандағы пайдаланылатын судың жартысынан көбі көрші мемлекеттерден келеді. 

Су тарифі арзан болғандықтан, халық оны үнемдеуге еш мән бермейді

Шыны керек, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей елдерінен келетін су ресурстарына тәуелдіміз. Сондықтан "су жоқ" деп қарап отырмай, бар суды ұтымды пайдалануымыз қажет.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл мәселені өте орынды көтерді. Егер суды орнымен, мәдениетті түрде пайдаланатын болсақ, оны барлық салаға жеткізуге болады.

Мысалы, ауызсу мәселесіне тоқталсақ, бізде суды пайдалану мәдениеті әлі толық қалыптаспаған. Себебі, су тарифі арзан болғандықтан, халық суды үнемдеуге аса мән бермейді, суды орынсыз пайдалануға үйреніп қалған. Бұрын ауылда адамдар суды құдықтан немесе бұлақтан, су арналарынан тасып ішетін. Бір отбасы бір күнде 40-50 литр сумен күн көретін. Ал қазіргі уақытта бір адам тәулігіне шамамен 200-250 литр су пайдаланады. Бұл – суды шамадан тыс тұтынудың көрсеткіші.

Сондықтан, ең алдымен судың нақты есебін жүргізу керек. Есепсіз ешқандай ресурс тиімді игерілмейді. Қазіргі цифрландыру мен жасанды интеллект дамыған заманда әр тұтынушының су пайдалану көлемі нақты бақылануы тиіс.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу