TikTok-тағы заңсыз контенттің бәрі дер кезінде анықталып отыр

344

Өздеріңізге айтқан ұсынымдарымды білесіздер. TikTok, Фейсбук, Инстаграм болсын, ұлттық қауіпсіздігімізге қандай да бір нұқсан келтіруге жол бермейміз.  

TikTok-тағы заңсыз контенттің бәрі дер кезінде анықталып отыр

Балаларымыз – біздің келешегіміз. Әлеуметтік желілерде, оның ішінде TikTok-тағы заңсыз контенттің барлығы дер кезінде анықталып, алынып тасталып отыр. Бұл жағынан бізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп отырған әлеуметтік желілердің әкімшілеріне рақметімді айтқым келеді. Жұмыс едәуір жақсарып, жанданып келе жатыр.

Ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтірген жағдайда, әлбетте TikTok жабылатын болады. Бірақ қазіргі таңда ондай сұрақ туындап отырған жоқ. Біз олармен нәтижелі бірге жұмыс істеп жатырмыз.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу