Сондықтан нарықты қыздыратын кез келген сыбыс пен жаңалық көбіне болжам деңгейінде ғана қалып отыр. Негізгі дәлел ретінде келтіріліп жүрген ҚҚС мәселесі бар, ол келесі жылдан бастап енгізіледі, бірақ мөлшерлеме дәл осы деңгейде сақталады. Экономикалық немесе өзге де объективті факторлар, яғни сұраныстың күрт артуына себеп болатын алғышарттар жоқ. Ипотекалық мөлшерлемелердің жоғары болуы, халықтың нақты табыстарының төмендеуі, сондай ақ құрылыс секторындағы бәсеңдеу коммерциялық тұрғын үй құрылысының қарқынының төмендегенін көрсетеді. Бұл сұраныстың азайғанын білдіреді.
Нарықта нақты дүрбелең жоқ, тек қолдан жасалған қозғалыс байқалады. Ешкім 25% және одан жоғары пайызбен ипотека алуға жүгіріп жатқан жоқ. "Отбасы банк" бойынша сұраныс бар, бірақ ол түсінікті әрі негізделген. Жаңа салық режиміне дейін қолайлы шарттармен несие алуға мүмкіндік тұрған кезде азаматтардың оны пайдаланып қалуы заңды.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін