Түркістан мен Қызылорда облысын сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бар

Бірінші мәселе – "Шардара" су қоймасының жанындағы, Өзбекстан жеріндегі Айдаркөлді контрругулятор есебінде пайдалану жолын қарастыру.    

Түркістан мен Қызылорда облысын сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бар

 

Бұдан ұтатынымыз – қыс айларында "Әндіжан", "Тоқтағұл", "Қайраққұм" су қоймаларынан келетін мол суды "Айдаркөл" мен "Көксарай" су қоймасына қарай бұру. Сырдарияның төменгі бойында орналасқан елді мекендерді су алу қаупінен сақтау. 

Екінші мәселе, "Чиназ"-"Көкбұлақ" гидропостысы Кеңестік кезеңде салынған әбден тозығы жеткен және ескі қондырғылармен жұмыс істеп, "Шардара" су қоймасына қанша су түсіп жатқанын дәл анықтауға мүмкін болмай отыр. Гидромет тарапынан дәйекті дәлелдемелермен осы постыларды жаңартуды қолға алу қажеттігі жөнінде Үкімет алдына мәселе қою қажет. Өзбекстан жеріндегі Айдаркөлге "Шардара" су қоймасынан су жіберіп жатқанымыз заңды ма? Екі ел арасында қандай келісімшарт бар екенін жария ету. Келісімшарт болмаған жағдайда кім жауап береді? 

Үшінші мәселе, жоспарда көрсетілмеген, артық күріш егетін, су ұрлайтын қожалықтарды заңды түрде қылмыстық жауапқа тартуды қарастыратын мезгіл жеткен сияқты. Ұсталып қалған жағдайда, олар аз ғана айыппұл төлеп құтылып кетеді. Сондықтан, жаңа қабылданған ҚР Су кодексіне арнайы бап қабылдау керек. 

Төртінші мәселе, Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қызылорда облысына сапары кезінде "Қараөзек" су қоймасын салу туралы тапсырма берген болатын. "Қараөзек" су қоймасын салуға кететін қаржыны үнемдеп, "Айдаркөл" контррегуляторын салуға жұмсаса, Түркістан мен Қызылорда облыстарындағы ауыл шаруашылық егістіктерді сумен толық қамтамасыз етуге қол жеткіземіз, екінші Кіші Арал мен Қазалы, Арал аудандарындағы көлдерге керекті суды жеткізуге толық мүмкіншілік болар еді. 

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу