Уағыз мәселесі реттелуі керек

Құқықтық тұрғыдан алғанда елімізде заңсыз миссионерлікпен айналысу бойынша бап бар.   

Уағыз мәселесі реттелуі керек

Оны қадағалайтын арнайы құзырлы мемлекеттік мекемелер бар. Солар қарап отырады. Қандай да бір заңсыз миссионерлік уағыз айтылған жағдайда, солар анықталып, уағыз айтушы адамның қандай да бір діни бірлестікке тиесілілігі анықталмаса, оған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша заңсыз миссионерлікпен айналысу бабы бойынша әкімшілік іс қарастырылады.

Бізде уағыз мәселесі реттелуі керек. Содан кейін дін мәселесін айтып жүрген азаматтардың белгілі бір мәртебесі айқындалуы тиіс. Кім қалай болсын солай, білсін-білмесін, ғылыми дәрежесі болсын-болмасын әлеуметтік желіге шығып кеткен. Себебі әлеуметтік желі арқылы аудитория жинау жеңіл.

Бұл жерде ағартушылықтан гөрі, әлеуметтік желідегі уағыздарды реттеген әлдеқайда тиімді.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу