Үкіметке кәсібилер келу керек

916

Байлар мен кедейлер, халық пен биліктің ара-жігі ашылып кетті.

Үкіметке кәсібилер келу керек

Үкімет бірінші кезекте не істеу керек? Ең әуелі экономиканы әртараптандыру керек. Олай жасамай, өндіріске мән бермей, шикізат елі болып қалдық. Содан  кейін инвестиция тарту мәселесін қарастыруы тиіс. Шетелден инвестиция алмасақ, тағы да қиын. Себебі әлеуметтік салаға беретін ақша өте үлкен. Әлеуметтік саланың өзін инновациялау керек. Қазір өндірісті күшейтіп, экономиканы әртараптандырып, өнеркәсіптің құрылымын өзгерту керек. Қайта өңдеу өндірісіне мән беру қажет. Бұдан бөлек технологиялық даму туралы жеке мемлекеттік бағдарлама болу керек.

Үкіметке кәсібилер келу керек. Қазір өтпелі кезең. Ішкі жағдайымыз да, сыртқы жағдайымыз да қиын. 1-2 жыл отырып кетемін деген министрлікті, үкіметті қою керек. Әлихан Смайылов мырзаны қойды ма – бұл мәселеде біз енді басқа ештеңе істей алмаймыз. Енді Смайыловқа бұдан артық шанс берілмейді. Сондықтан осы жолы мүмкіндікті пайдалануы керек. Премьер-Министрге кімді апарып қойса да, қазір оңай емес. Бірақ бір адамға тоқтау керек. Жыл сайын үкіметті ауыстырып отырған ол да қиын.

Аймақтарда әкімдер тек бюджетті пайдаланудан басқа ештеңемен айналыспай отыр. Әкімдер экономиканы да, экономияны да білмейді.

Үкімет басшысының өзі үш айда бір рет халық алдында есеп беру қажет.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу