Үкіметті футболмен салыстырсақ, футболшыларымыз жақсырақ ойнайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысы жайлы не дейміз? Бұл отырыста ешқандай жаңалық болған жоқ.

Үкіметті футболмен салыстырсақ, футболшыларымыз жақсырақ ойнайды

Үкіметтің кеңейтілген отырысы әдеттегі сипатта өтті. Сөгіс деген – өлім жазасы емес. Президент кейбір министрлерге көңілі толмайтынын, кейбірі міндетін дұрыс атқара алмай жатқанын атап өтті.

Алайда сарапшылар үшін мұның ешқандай жаңалығы жоқ. Өйткені Үкіметтің қазіргі ғана емес, бұрынғы құрамы да әлсіздеу болған. Егер біздің Үкіметті футболмен салыстырар болса, меніңше, үкіметті басқарғаннан қарағанда футболшылар жақсырақ ойнайтын секілді.

Біріншіден, біздің экономика негізгі фигураға тәуелді. Олар – премьер-министр, квазимемлекеттік сектор және олигархтар. Олигархтар үлкен рөл атқарады.

Қазіргі уақытта президент олигархтардың рөлін азайтып жатқанын байқаймыз. Квазимемлекеттік сектор да қандай да бір ашық диалогқа келіп, тырысып жатыр. Үкімет қана қалды. Меніңше, сөгіс дегенде ешкімнің жұмыстан шықпайтынын ескеру керек. Сарапшылардың көбі отставканы қанша қаласа да. Меніңше, Үкіметтің құрамын едәуір жаңарту керек. Оларға уақыт берілді. Олар Үкімет және мемлекет не үшін керектігін оларға қайта тереңінен ойлауы керек секілді.

Үкімет мүшелерін футболшылармен салыстыру жағынан қайта оралсам, бізде клубтарда футболшылар жаман ойнаса, әдетте, легионерлерді әкеледі. Ендеше, бұл жерде де легоинерлерді тарту керек, бәлкім, білмеймін не істеу керектігін. Олай етсек те ештеңе етпейді. Бұл трагедия емес. Басшы емес, бәлкім, кеңесші ретінде әкелу керек шығар. Өз мемлекетінде белгілі бір жетістікке жеткен адамды әкелу керек шығар, бәлкім. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін жойып жібермесе, сол жаққа тартуға болады. Шынымды айтсам, тәуелсіз директор ретінде жалдайтын адамдарды тартудың қажеті жоқ. Өз елін жарылқай алмағандарды шетелдік деп қояды – меніңше ол дұрыс емес. Алайда Үкімет ойлануы тиіс. Егер ол орнында қалуды қаласа, легионерлерді бәлкім жалдау керек болар!?

Еске сала кетсек Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Үкіметтің баға тұрақтандыру жұмысын дұрыс атқара алмай жатқанын мәлім еткен. Жұмысына "орташа" баға берген. Алайда "тырысып жатқанын" да атап өтті. Сарапшылардың кейбірі радикалды шешімдерді күткенімен, Тоқаев министрлерге ұрсып, кейін басынан балаша сипап қоя бергендей әсер қалдырды. Қымбатшылық үшін Сауда министрі Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеевке сөгіс жариялады. Киік мәселесімен шулатып жүрген Брекешов те сөгіс алып қайтты.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу