Атап айтсақ, құн өлшемі, айырбас, төлем және жинақтау құралы, халықаралық ақша ретіндегі қызметі. Осындай бес қызметін атқармаған ақша толыққанды валюта бола алмайды. Сондықтан да біздің ұлттық ақшамыздың жағдайы қиын.
Екінші мәселе, егер де экономиканың өсуі қарқыны тежелетін болса, ешбір елдің валютасы толыққанды бола алмайды. Экономика қуатты болған жағдайда ұлттық валюта көтеріледі. Ешқандай монетарлық саясатты экономикадан бөліп-жаруға болмайды.
Дефолт болмайды деп кесіп айту ақиқатқа қиянат. Өйткені жалпы монетарлық, ақша-несие саясатынан хабары бар адам ешқашан да олай айтпайды.
Қазіргі шиеленіскен халықаралық, экономикалық жағдайда, АҚШ-та жаңа Президент Дональд Трамптың келуіне байланысты оның жасаған мәлімдемесі, сайлауалды бағдарламасы – осының бәріне талдау жүргізсең, жағдайдың оңай болмайтын түрі бар.
Трамп мұнайдың бағасын 40 долларға түсіретінін айтты. Бюджетке түсетін доллардың жартысының мұнайдан алатынымыз түсінікті. Оның үстіне біздің Үкіметтің қарыз үстіне қарыз алып отырғаны да бар.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін