Қазір Шыңжаңда 8 бөлімше бар. Оларда 1900 студент білім алады. Бұдан бөлек Шыңжаңда тағы бір ислам училищесі бар. Осылайша аймақта ислам оқу орындарының саны 10 деуге болады, яғни бір институт және оның 8 бөлімшесі, бір училище бар.
Оқу орнын бітірген түлектердің көп бөлігі мешіттерде, діни рәсімдерді жүргізетін имам хатиб болып жұмыс істейді. Бұдан бөлек олар институттың 8 бөлімшесінде, Шыңжаңдағы түрлі деңгейдегі 105 ислам бірлестігінде жұмыс істей алады. Сондай-ақ бакалавриат бітіргендерге Бейжіңдегі Қытай ислам институтында білімін жалғастыруына мүмкіндігі бар.
Биылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер институтта тегін оқиды. Бұрын оқу ақысы 1,5 мың юань болатын. Сонымен қатар олар тұру ақысына да төлемейді. Ай сайын студенттерге тамақтануға ай сайын мемлекет есебінен 900 юань субсидия беріледі. Шәкіртақы мөлшері – жылына 4 мың юань. Студенттердің 90 пайызы стипендия алады.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін