Зейнетақы қоры бұл сақтандыру қоры. Оның ақшасын тек қана сақтандыру оқиғасы болған кезде ғана алу керек, яғни, зейнетке шыққан кезде ғана алынуы керек еді. Үкімет 2021 жылы дұрыс емес шешім қабылдаған. Кезінде экономистер мен қаржыгерлер "зейнетақы қорына тимеу керек, бұл біздің еліміздің инвестициялық әлеуеті" деп айтқан болатын.
Жаңа жеткілікті шектер туралы жастар ойланбаса да болады. Мәселен, 20 жасар балаға 6 млн теңге болып белгіленіпті. Ол енді бір олигархтың баласы болмаса, ешкім бұл сомаға жеткізе алмайды. Ал енді 35-40 жасқа барған кезде биліктегілердің ақшасы көбейе бастайды ғой, бай адамдардың одан да байып кетуіне сәл шектеу қойды. Зейнетке жақын адамдар үшін, әрине, аздап қиыншылық болады. Сондықтан бұл шешім байлардың одан сайын байып кетуін шектеді, ал енді жастарға, қарапайым адамдарға мұның ешқандай әсері жоқ. Егер шақалағынан жұмысқа берсең де, бәрібір 20 жасқа дейін 6 млн теңге жинай алмайсың.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін