Қарыштап дамып кетеді немесе құрдымға кетеді деп кесіп-пішіп айта алмайсың. Жаппай жекешелендіру өз жемісін береді деген де үміт бар. Өйткені, қазірдің өзінде "Қайсар" секілді клубтар Мозес сынды тәжірибелі ойыншыларды шақыртып, қысқасы құрамын күшейтіп ұлттық біріншілікте мықтылармен иық тірестіргісі келеді. Ендеше, бұл – ел чемпионатында бәсекелестік арта түседі деген сөз. Алайда, "асарын асап, жасарын жасап болған" Нани секілді зейнеткерлерді жинап футболдың көсегесін көгерте алмаймыз. Одан сол қыруар қаржыны балалар академиясына, инфроқұрылымға жұмсаса, ел футболының ертеңі жарқын болмақ!
Иә, президенттің пәрменінен кейін футбол клубтарын жаппай сатып алу жалғасып кеткені рас. Бірақ, барлығы сол клубтарды шын ықыласымен алып отыр деп айта алмас едім. Енді бұрынғыдай аспаннан келіп жатқан ағыл-тегіл ақша жоқ. Яғни, инвесторлар берген әрбір тиыннын сұрауы болады. Сондықтан, клуб басшылары қаржыны оңды-солды шаша бермей, ойланып барып жұмсайтыны анық. Егер шыққан шығынның кірісі болмаса, инвесторлардың да ұзаққа шыдамасы түсінікті. Сол себепті, жекенің қолына өткен клуб қожайындары енді жеке бастың қамын емес, команданың өсіп-өркендеуін ойлауы тиіс.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін