Жаңа салықтық шектеулер

2557

Құрметті достар, салық салу мәселелері туралы заң жобасына енгізілген жаңа өзгертулерге назар аудартқым келеді. Нақтырақ айтсақ, кезекті өзгертулер электронды шот-фактуралар бойынша камералды бақылау бөлігінде біраз қиындық тудырады.  

Жаңа салықтық шектеулер

Егер осы түзетулер күшіне енсе, салық органдары қалауы бойынша берілген шот-фактураларды расталмаған, тіпті, жарамсыз деп тануы мүмкін. Мұндай түзету сатып алушыға қосылған құн салығын есепке алғызбауы ықтимал.

Бүгінде мұндай даулы мәселелер сотта шешілетінін түсіну керек, ал енді заңдағы жаңа өзгертулер салық органдарына шешімдерді өз бетінше қабылдауға мүмкіндік береді.

Салық міндеттемесін орындауға мәжбүрлеудің қандай әдісі бар деген сауал туындайды. Бұдан былай "электронды шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде электронды шот-фактураларды расталмаған деп енгізілуі мүмкін.

Менің ойымша, бұл қорқынышты жағдай!

Салық кодексінде мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің қолданыстағы тәсілдері жеткілікті. Сондықтан заңға жаңа толықтыру енгізудің мәні жоқ.

 

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу