Жанармай нарығы деген не және ол қандай болуы керек?

2836

Елдің жанармай нарығындағы мәселелер қоғамда, Үкіметте және БАҚ-та белсенді талқылануда. Сатушылардың бірі "дизель жоқ" дегенді айтып отыр, біреуі отын бағасы көтерілуін күтіп отыр. Қысқасы, бөлшек сауда нарығының қатысушылары дизель сатуды тоқтатып жатыр.  

Жанармай нарығы деген не және ол қандай болуы керек?

Бұл жағдай бірнеше ай бұрын болжанған болатын. Бірақ "дизель бағамына түзету енгізбей" жағдайды оңалту мүмкін емес. Бензин бағасына сәуір-мамыр айларында-ақ біршама түзету істелуі керек болған, сонда қазір жағдай ушығып кетпес еді.

Бөлшек сауда нарығында не болып жатқанын айтайық
 
Шағын және орта жанармай құю стансалары өздеріне отын қымбатқа келіп жатқанын айтып, ұсақ жеткізушілерден арзан бағамен ұсынуды талап етеді. Ал жеткізушілер болса "бізге мұнай өңдеу зауыттары жоғары бағамен береді" дейді. Екеуінің де сөзі орынды секілді.

Әлемдік тәжірибеде тұтынушыға энергияны делдалсыз жеткізу, яғни "тігінен интеграцияланған мұнай бизнесі қызметінің" барынша тиімді екенін көріп отырмыз. Түсініп отырсыз ба? "Делдалсыз" жеткізу тиімді! 

Дәл сол әлемдік тәжірибеде кімнің бағасы төмен және кімнің қызметі көрсетуі жақсы болса, сол нарықта қалады!

Енді жоғарыда айтқан ұсақ жеткізушілерге келейік. Олар кім? Олар мұнай өңдеу зауытына мұнай жеткізушілер, сондай-ақ мұнай өңдеу зауытынан жанармай құю бекеттеріне көтерме бағамен мұнай өнімдерін тасушылар. Қазақстанда мұнай өңдеу мен мұнай өнімдерін ірі көтерме саудада өткізу нарығының, шамамен, 80% - ы екі-үш ірі мұнай ресурсын ұстаушының қолында. Ал қалған нарықты шағын және орта сатушылар қамдайды.

Ірі мұнай ресурстарын ұстаушылар деген кім? 

Бұл "Қазмұнайгаз" сияқты мұнай өндіруші компаниялар немесе "Petrosun" сияқты жер қойнауын пайдаланушылардың тікелей қатысуымен құрылған (мұнай өндіруші компанияларға үлестес) компаниялар. Нарықтың барлық шағын және орта қатысушылары осы компаниялардан отын алады. Ұсақ жеткізушілер, негізінен, шағын жер қойнауын пайдаланушылармен байланысты компанияларға қарайды.

Көтерме саудагерлердің бағасы неге әртүрлі? 

Мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткенде әр түрлі құн қалыптасады.
Компания мұнай көлемін неғұрлым көп өндірсе, оның өндіру шығындары соғұрлым төмен болады. Қарапайым тілмен айтсақ, бір кәсіпорын айына 10 тепловоз, екіншісі 15 тепловоз шығарады. Тепловоздарды бірдей бағамен сатқан кезде қай кәсіпорын көбірек пайда табады? Ал қай компания сатып алушыға үлкен жеңілдік жасайды? Яғни, мұнай саласында да қызмет ауқымы және ұңғымадан жанармай құю бекетіне дейінгі аралықтағы барлық шығын маңызды.

Әлемнің көптеген елінде мұнай мен отын нарығына баса назар аударылады, тіпті оларды монополияланған тар шеңберлі компаниялар деп айтуға болады.

Ресейдің жанармай нарығында отынды негізінен ірі мемлекеттік ("Роснефть", "Газпромнефть") немесе жеке мұнай өндіруші ("Лукойл", "Татнефть") компаниялар ұсынады. АҚШ-тың отын нарығында 10-11 негізгі ірі мұнай өндіруші компания (Marathon Petroleum, Exxon Mobil, British Petroleum, Chevron, CITGO, Valero, Flint Hills) бар. Қытайдың нарығында 4 ірі (Sinopec, PetroChina, CNOOC, Sinochem) компнаия басымдыққа ие.

Жанармай нарығы қандай болуы керек?

Бензин мен дизель – стратегиялық маңызды, ел экономикасында елеулі әсер етуші тауар. Осыны ескерсек, жанармай нарығындағы жоғары концентранциялы баланс мына нәрселерге байланысты:
1. монополияға қарсы органдар нарықтағы ірі ойыншылардың қызметін тұрақты бақылауы керек;
2. мұнай ұңғымасынан жанармай құю стансасына дейінгі аралықты есептеп, өнімге соңғы бағаны белгілеу керек;
3. ел ішіндегі жанар-жағармай бағасының болжамға сыйымдылығы.

Түйіндесек, бағалар болжамды, жанармайдың өңірлерге жеткізілуі кепілдендірілген және нарық мемлекеттің басқаруына икемді болуы керек.

 

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу