Оның ішінде екі елдің министрлігі білім және ғылым саласы бойынша да келісімге келді. Оған сәйкес біздің жетекші, ұлттық және мемлекеттік университеттерде қытай тілін оқыту үшін арнайы кафедралар құрылады. Бакалавр, магистратура мен докторантурада оқып жатқандарға қытай тілін екінші тіл ретінде ұсынатын боламыз.
Қытай – экономика, сауда жағынан да серіктес ел, сондықтан біз Қытайдың тарихын, тілін, мәдениетін тереңінен түсінуіміз керек. Тағы бір келісім, Сәтпаев университетінің негізінде Гонконг университетінің филиалы ашылады. Онда жасанды интеллект, архитектура, ақылды көлік тағы сол сияқты салалар бойынша білім беріледі. Аталған Гонконг қалалық университеті өте тез дамып келе жатқан жоғары оқу орны, әлемдегі үздік 100 университеттің қатарына кіреді. Биыл қыркүйекте университет филиалы есігін ашады.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін