Жоғары оқу орындарында "Ұлттық спорт" кафедрасын ашу керек

Қыранымыз көк Туда, Мемлекеттік рәмізде халықтың рухы, бет-бейнесі ретінде тұр. Бірақ, оның маңыз, мағынасы туралы мемлекет тарапынан ешқандай жұмыстар қолға алынған жоқ.

Жоғары оқу орындарында "Ұлттық спорт" кафедрасын ашу керек

Балабақша, мектептен бастап, Қыранның қасиеті, қоршаған орта, экология мәдениеті, патриоттық тәрбие берудегі Қыранның, жалпы құсбегіліктің қазақ тарихында алатын орны туралы арнайы пән енгізілу керек. 

Облыстарда Ұлттық спорт мектептерінде "Саят", "Құсбегілік" бөлімдері бар, жастарды тәрбиелейтін. Алайда жоғары оқу орындарында (бұрындары 4-5 жыл Алматыда Туризм және спорт академиясында Ұлттық спорт кафедрасында "Саят" бөлімі болған. Соңғы жылдары кафедра жабылып қалды) спорт түрінен арнайы кафедра (Ұлттық спорт!) ашу керек. Сонда жаттықтырушылар мен төрешілерді оқыту да қолға алынуы тиіс.

Ұлттық спорттың бір түрі болса да, республикалық жарыстарға азғантай ғана қаржы бөлінеді. Сондайлық көмек, қолдау жоқ. Қыран құстарды пойызда тасымалдау – ең басты проблема. Бұл да әлі күнге шешілмей келеді. Азығы да шешілмеген, әр құсбегі өзі қамтамасыз етеді. Ұлттық спортты дамыту үшін, ұлттық құндылық, мәдени мұра ретінде жеке заң, ұлттық бағдарлама керек.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу