Жолдауда елдегі жол апаттарына зер салынғаны – мәселенің өзектілігін білдіреді

601

Әдеттегідей кезекті Президент Жолдауы елдің стратегиялық қадамдарына, экономикалық және әлеуметтік салалардың дамуына бағытталды. 

Жолдауда елдегі жол апаттарына зер салынғаны – мәселенің өзектілігін білдіреді

Бұған қоса қоғамдағы кейбір өзекті жайттар айтылғаны менің назарымды аудартты. Соның бірі – елімізде жол апатының көбеюі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қазақстанда жол апаттарының салдарынан мыңдаған адам көз жұматынын ашық айтты. Бұған жолдардың сапасының қатысы бары анық. Әйтсе де мен бұл проблемаға себепкер болып отырған тағы бір жайтты айтар едім, ол – жүргізушілердің энергетикалық сусындар тұтынуы. Көбі назар аудармайды, энергетикалық сусындарды шығарушы компаниялардың өзі "жүйке жүйесі қозған адамдарға тыйым салынады" деп ескертіп отырады. Жүйке жүйесі қозған адамдарға кімді жатқызамыз? Мәселен, неврология бойынша ұйқысы қанбаған немесе ұйқысы дұрыс болмаған адамдар осы санатқа кіргізіледі. Елімізде такси жүргізушілері ұйқысы қанбаған күйі энергетикалық сусын алып жолға шыға беретінін жақсы білеміз. Бұл сусынның ішіндегі L-карнитин және кофеин заттары жүйке жүйесін толықтай блоктайды. Жүргізушінің көзі ашық, сөйлеп, әңгімелесуі мүмкін, бірақ өзін басқара алмайтын күйде болады. Адам бұны сезінбеуі мүмкін, шынында барлығы өз бақылауында болмайды. Сондықтан Президент пәрменінің аясында құзырлы органдар осы мәселеге де зер салғанын қалаймын.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу