Жүгіру спорты қазақтың дүниетанымында болмай тұр

"Жүгіру үшін екі нәрсе керек" дейді. Ең бірінші, ниет керек, екінші – спорттық аяқкиім. 

Жүгіру спорты қазақтың дүниетанымында болмай тұр

 

Осы екеуі болса жеткілікті. Басқа ештеңенің керегі жоқ. Жай ғана футболка мен қысқа шалбар киіп те марафонға қатысуға болады. Сонымен жүгіріп, дайындала беру керек. Яғни, осы жағынан жүгіру – қолжетімді спорт. Дегенмен де жүгіру – спорттың төресі. Қазақша осылай аталады. Бұл – спорттың кәдімгі базасы. Спортшылар мұны жақсы біледі. Кез келген спортшы бірінші жүгіруден бастайды. Сол база ретінде, ыңғайлы спорт ретінде біз насихаттап жатырмыз.

Жалпы, елімізде жүгіру спорты қанша қолжетімді спорт саналса да, қазақтың дүниетанымында болмай тұр. Көпшілік жүгіруге еріккен адамның ермегі сияқты қарайды. Елде семіздікке әбден батқан адамдар бар, онкология дендеп кетті бізде. Ол – өте үлкен ауру. Ауылдық аймақтарда қан қысымы жоғары адамдар көп. Сол себепті, спортты дүниетанымға енгізу керек.

"Басты байлық – денсаулық" дейміз ғой. Бірақ, көбіне біз пайдасыз тамақтарды көп қолданамыз. Пайдасыз дегеніміз – құнарсыз тамақтар. Энергетикалық сусындар, фаст-фудтар бар. Барлығы – құнар бермейтін тамақтар. Алысқа бармай-ақ, google-дан жазып, олардың құрамын қараса, осының бәрі – бізде химиялық қоспалық тамақтар. Ол ешқандай пайда бермейді.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу