Ол дәрігерлерге жаңа туған нәрестелердің көз патологиясын, соның ішінде шала туған нәрестелердің ретинопатиясын дер кезінде анықтауға көмектеседі. Орталықта заманауи диагностикалық құралдар AYALA қайырымдылық қорының «Әлемді көремін» жобасын жүзеге асырудың арқасында және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен ынтымақтастық туралы меморандум аясында пайда болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл AYALA қайырымдылық қорының Қазақстанның медициналық орталықтарын жабдықтауға көмегі шеңберіндегі жетінші ретинальды камера. Қор 2024 жылы осындай диагностикалық құрылғылармен тағы екі облыстық Перинаталдық орталықты – Ақтөбе мен Атыраудағы орталықтарды жарақтандыруды жоспарлап отыр.
FORUS NEO (Үндістан) ретиналды камерасы офтальмолог дәрігерге тіпті реанимация жағдайында және жаңа туған нәрестені ӨЖЖ аппаратына қосқанда да баланы диагностикалауға мүмкіндік береді – мұндай мүмкіндік басқа аппараттарда жоқ. Камера пайдалануда қарапайым және ноутбукпен үйлеседі, онда кішкентай пациенттер туралы барлық ақпаратты, ретинопатияны диагностикалаудың фотосуреттері мен бейнеқұжаттарын сақтайды. Дәрігерлерге диагностика кезінде, емделгенге дейін және емделгеннен кейін ата-аналарға көз торындағы өзгерістерді көрсетуге көмектеседі.
AYALA қайырымдылық қоры «Әлемді көремін» жобасын үшінші жыл жүзеге асырып келеді. Тиімді қайырымдылық тәсілін қолдана отырып, қор қазақстандық офтальмолог дәрігерлерге Қазақстанның 17 перинаталдық және ғылыми орталықтарында 4,5 мыңнан астам жаңа туған нәрестелерді диагностикалауға, оларды 26 бірлік диагностикалық және лазерлік жабдықтармен қамтамасыз етуге көмектесті. AYALA қоры берген жабдықтармен скринингпен ретинопатия бойынша тәуекел санатындағы шала туған балалардың 100% қамтамасыз етілді.
«Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жыл сайын 8,2 мыңнан астам нәресте дүниеге келеді, оның ішінде дене салмағы өте төмен 800 шақты сәби бар. Ретиналды камера бұл орталықтың офтальмологтарына жедел және дәл диагноз қоюға және қажетті емді уақытылы ұсынуға көмектеседі, соның арқасында жүздеген бала көру қабілеті бойынша мүгедектіктен құтыла алады», - деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.
AYALA қайырымдылық қоры 2021 жылдың мамырынан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен Меморандумға сәйкес «Әлемді көремін» жобасын жүзеге асыруда. 2023 жылдың қазан айында қор Алматы қаласы ҚДСБ Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығымен де Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жобаны іске асыру кезінде Қазақстанда ретинопатияға байланысты шала туған балалардың көру қабілеті бойынша мүгедектігі 0,6 пайызға дейін төмендеді.