Атырау облыстық перинаталдық орталығында «Бір күн клиникасы» толық жабдықталды. Енді мұнда ұрық дамуының туа біткен генетикалық ауытқуларын ерте анықтау үшін цитогенетикалық зерттеуді тез әрі жоғары дәлдікпен жүргізуге болады. Бастаманың мақсаты – балалардың туғаннан бастап мүгедектігін азайту. Жобаны «Шеврон» компаниясының қолдауымен AYALA қайырымдылық қоры іске асыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамандардың мәліметінше, Қазақстанда жүктіліктің шамамен 5-10% ұрықтың туа біткен даму патологиясының қаупімен қатар жүреді. OSCAR (One Stop Clinic for Assessment of Risk) немесе «Бір күн клиникасы» халықаралық стандарты бойынша пренаталдық скрининг жүктіліктің 12-ші аптасында өткізіледі және әйелдерге барлық қажетті тексерулерден бір күн ішінде өтуге мүмкіндік береді.
Атырау облыстық перинаталдық орталығында орналасқан ұрықты қорғау орталығында «Бір күн клиникасы» 2025 жылдың басынан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда биохимиялық зертхана, сараптамалық УДЗ-диагностика бөлімшесі, сондай-ақ психологиялық қызмет жұмыс істейді. AYALA қоры мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен қараша айында орталық заманауи микроскоп пен цитогенетикалық зертхана алды, бұл ұрықтың хромосомдық аномалияларын диагностикалаудың дәлдігі мен жылдамдығын айтарлықтай арттырады.
Атырау облыстық перинаталдық орталығының директоры Меруерт Айдарханова жаңа жабдық цитогенетикалық зерттеулердің ең жоғары дәлдігін қамтамасыз ететінін атап өтті:
«Жыл сайын біз 8 000 босануды қабылдаймыз – бұл өңірдің барлық ағынының 60%-ға жуығы. «Шеврон» компаниясының қолдауымен біз әлемдік деңгейдегі зерттеу жабдықтарын алдық. Кәдімгі зертханалық микроскоптарға қарағанда, жаңа құрал хромосомалардың санын есептеп қана қоймай, олардың құрылымын, құрылысын, сондай-ақ хромосомалар арасындағы учаскелер алмасу жағдайларын көруге мүмкіндік береді. Бұл біздің орталықта күрделі генетикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, мұның өзә аса маңызды клиникалық шешімдерді қабылдауда маңызды».

Әлемдік генетиканың «алтын стандарты» деп танылған FISH әдісі бойынша зерттеуге арналған микроскоп ұрықтың ең кең таралған 5 туа біткен патологиясын – Даун, Паттау, Эдвардс, Шерешевский-Тернер және Клайнфельтер синдромдарын анықтау үшін пренаталды цитогенетикалық талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Ауытқулар анықталған жағдайда дәрігерлер мен болашақ ата-аналар жүктілікті жүргізудің оңтайлы тактикасын таңдай алады.
Пилоттық форматтағы алғашқы «Бір күн клиникасы» 2024 жылдың наурызында Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында ашылды. Оған арналған жабдықты «Шеврон» компаниясының қолдауымен AYALA қоры берді. Алматыдағы жоба үлгілі деп танылып, Қазақстан өңірлерінде, соның ішінде Атырау облысында да тарала бастады. Бүгінде елімізде жыл сайын 100 мыңнан астам әйелді тереңдетілген генетикалық скринингпен қамтитын 22 «Бір күн клиникалары» табысты жұмыс істейді.
«Шеврон» компаниясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған жобаларды белсенді қолдайды. Атырау облысының барлық болашақ аналары мемлекеттік медициналық орталықта сараптамалық генетикалық диагностиканың толық спектріне қол жеткізгеніне қуаныштымыз. Дәл, жылдам және үздік әлемдік тәжірибелерді қолдана отырып жүргізілген скрининг таяу уақытта өңірдегі туа біткен мүгедектік пен нәресте өлім-жітімінің көрсеткіштерін едәуір төмендетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», – дейді «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Жанар Қошпанова.
Атырау облыстық перинаталдық орталығының жанындағы «Бір күн клиникасында» дәрігер-генетик және сараптамалық УДЗ-диагностика бойынша төрт маман жұмыс істейді. Олардың барлығы FMF, ISNS, CDC халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған. Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігінің желісі бойынша 200-ге жуық пренаталдық ультрадыбыстық диагностика дәрігері мен 20 генетик дәрігер сертификатталған.
Цитогенетикалық зертхананың ашылуымен орталықтың штатына қазіргі уақытта Астана қаласындағы Ана мен бала орталығының базасында үш апталық оқудан өтіп жатқан цитогенетик дәрігер қабылданды. Оқыту «AYALA» қайырымдылық қоры мен «Шеврон» компаниясының бірлескен жобасы шеңберінде ұйымдастырылды, олар үшін заманауи жабдық та, медицина мамандарының біліктілігін арттыру да бірдей маңызды.
AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова:
«Менің қорымның жұмысының алғашқы жылынан бастап денсаулық сақтаудағы жүйелі өзгерістерге ықпал ететін қайырымдылық жобалары анағұрлым тиімді екеніне сенімдімін. Атырау облысындағы «Бір күн клиникасына» арналған жабдықтарды беру арқылы біз Облыстық перинаталдық орталықты озық медициналық технологиялармен жабдықтап қана қоймай, өңір дәрігерлеріне күн сайын олардың кәсіби құзыреттілігін дамыта отырып, генетикалық скринингтің үздік әлемдік стандарттары деңгейінде жұмыс істеуге көмектесеміз».
AYALA қайырымдылық қоры – неонатологияға маманданған Қазақстандағы жалғыз қайырымдылық қоры. Өз жұмысының 18 жылы ішінде қор 67 реанимация, қарқынды терапия палаталары мен перинаталдық орталықтардың, балалар ауруханалары мен ғылыми орталықтардың неонаталдық офтальмологтар кабинеттерін қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жарақтандыруға 2,9 млрд теңгеден астам қаражат тартты. Бұл 2007 жылдан бері жүздеген мың баланың өмірін сақтап қалуға және 2010 жылдан бастап сәби өлім-жітімінің көрсеткішін 2 есеге төмендетуге көмектесті. www.ayala.kz Қазақстанда шала туған балалардың көру қабілеті бойынша мүгедектігі 2021 жылдан бері 0,6 пайызға дейін төмендеді.
«Шеврон» әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі болып табылады. Біз сенімді, қолжетімді және таза энергия ілгерілеу үшін қажет деп есептейміз. «Шеврон» мұнай және табиғи газ өндірумен, ЖЖМ, мұнай-химия өнімдері мен қоспалар өндірумен айналысады және біздің бизнес пен саланы дамыту үшін технологиялар әзірлейді. Біз мұнай және газ саласындағы бизнесті дамытуға, біздің қызметіміздің көміртекті қажетсінуін төмендетуге және жаңартылатын отын өндірісі, көміртекті ұстау және оффсеттерді пайдалану, сондай-ақ сутегі және басқа да инновациялық технологиялар сияқты бизнестің төмен көміртекті бағыттарын дамытуға бағытталғанбыз. «Шеврон» компаниясы туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан таба аласыз.