Немқұрайлы болмаңыз!

«АЯЛА» қоры балаларға көмек беру үшін денсаулық сақтау және білім беру саласындағы өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін қайырымдылық бағдарламаларына қаражат жинауды ұйымдастырады. 

Немқұрайлы болмаңыз!

Мұның негізгі бағыттары:

  • Қазақстанда сәбиелер мен балалар өлімін және мүгедектігін қысқарту;
  • Қазақстанның балалар ауруханалары, перинаталдық орталықтары және перзентханалары дәрігерлерінің оқуына және біліктілігін арттыруына көмек беру;
  • Қазақстанның балалар үйлеріне және мектеп-интернаттарына, соның ішінде тәрбиеленушілерді кәсіби бағдарлау саласында көмек көрсету;
  • Көру, есту қабілеті бойынша мүмкіндігі шектеулі, менталді бұзылған балалардың түзететін оқуына және әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу.

«АЯЛА» қайырымдылық қоры Қазақстанда 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде қор Қазақстанда жұмыс істейтін ірі компаниялардан демеушілік көмек ретінде, сондай-ақ жеке тұлғалардан қайырымдылық жарналары ретінде 3 млрд. теңгеден астам қаражат жинай алды. Бұл қаражатқа еліміздің 66 қаласы мен елді мекенінде балалардың 265 мемлекеттік денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне көмек көрсетілді. «Тыныс ал, балақай», «Өмір сыйлайық», «Менің де өмір сүргім келеді» жобаларының арқасында Қазақстанда он мыңдаған балалардың өмірі құтқарылды. Балалар үйлері мен мектеп интернаттардың мыңдаған тәрбиеленушілері әлеуметтік бейімделуге көмек алды және өмір мен кәсіпке пайдалы дағдыны оқып-үйренді.

Қор айқын, тұрақты және ашық жұмыс істейді. Балалардың денсаулығын сақтау және білім беру саласындағы проблемаларды шешудің жүйелі тәсілі – жұмысымыздың басты қағидаты.

Қазіргі уақытта «АЯЛА» қайырымдылық қоры келесі жобаларға қаражат жинауды жалғастыруда:

  • «Өмір сыйлайық» – балалардың жансақтау бөлімдері үшін медициналық жабдықтар сатып алуға қаражат жинау. Жоба Қазақстанда он мыңдаған баланың өмірін құтқарады.
  • «Басқарылатын гипотермия» – гипоксияның ауыр түрімен туған сәбилердің өмірі мен ақыл-парасатын сақтау үшін гипотермия аппараттарына қаражат жинау.
  • «Айрықша балаларға – айрықша назар» – бүкіл Қазақстан бойынша түзететін бөбекжай-бақшалар мен мектеп-интернаттарды балаларды есту, көру қабілетін жақсарту үшін, ақыл-парасатын дамыту үшін арнайы жабдықпен жарақтандыруға қаражат жинау.

Егер сіз көмек көрсеткіңіз келсе, біздің сайтта жарияланған үш жобаның кез келгенін таңдап алыңыз және кез келген банктің картасынан қайырымдылық жарнасын енгізіңіз.

Қордың жұмысын сіз әлеуметтік желілерде қадағалай аласыз:

https://www.instagram.com/ayala.fond/

https://www.facebook.com/fondayala/

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу