Томатис әдісі бойынша бағытталған дыбыстық ықпал 2 жастан бастап балалардың сөйлеу, дауыс, тәртіп, үйрену, есте сақтау, назар аудару, эмоциялық күй, координация проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
TOMATIS TalksUP аппараты дауыстық толқындарды ауа және бассүйек сүйегі арқылы береді, бұл олардың ықпалынан болатын әсерді күшейтеді. Есту қабілеті бұзылған кезде ми дыбысқа нараз аудармайды: құлақ арқылы түскенімен оларды дұрыс талдай алмайды.
Томатис әдісі дұрыс тыңдауды қалпына келтіру мүмкіндігін көтеріп, мидың дыбыстық сенсорлық жолдауға неғұрлым мұқият болуына көмектеседі. Бұл ми болжай алмайтын күтпеген өзгерістерді шоғарландыру арқылы жүреді.
Бұл бірегей дәрілік емес терапия 75-тен астам елдерде өзінің тиімділігін дәлелдеді және қазір оны 2000-нан астам орталық есту қабілетіне көмектесу үшін пайдаланып жатыр.
«АЯЛА» қоры TOMATIS TalksUP аппараттарын «Айрықша балаларға – айрықша назар» жобасының шеңберінде береді. Бұл жоба бүкіл Қазақстан бойынша түзететін бөбекжай-бақшаларды, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін және мектеп-интернаттарды балалардың есту, көру қабілетін жақсартуға, ақыл-парасатын дамытуға арналған арнайы жабдықпен жарақтандыруға көмектеседі. 2007 жылдан бері бұл жобамен Қазақстанның 20 қаласында 20 мыңнан астам балалар қамтылды.
Қазір қор TOMATIS TalksUP аппаратын Нұр-Сұлтан қаласындағы № 3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне сатып алу үшін қаражат жинауда. Бұл кабинетте жыл сайын әртүрлі қабілеттері, оның ішінде есту, көру қабілеті ауыр бұзылған, БЦС және аутизмі бар 230 бала түзету көмегін алады.