Аудиосынып нашар еститін балалардың оқуына көмектеседі

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша Қазақстанда мүдегектігі бар 18 жасқа дейінгі 87 мың баланың арасында есту қабілеті бұзылған 4,5 мың бала бар.

Аудиосынып нашар еститін балалардың оқуына көмектеседі

Аудиосынып нашар еститін балалардың оқуына көмектеседі

Аудиосынып есту қабілеті шектелген бала үшін сабақ кезінде есту-сөйлеу ортасының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мұнда 8 балаға дейін бірге айналыса алады. Ол сөз ырғағын, қарқынын, сондай-ақ сөздер мен сөйлемлердің бірге және бөлек айтылуын бақылауына мүмкіндік береді.

Оқушылардың жұмыс орындары микрофондары біріктірілген пульттермен жарақтандырылған. Мұғалім сабақ уақытында радиомикрофонмен еркін қозғала алады. Оқушының пульті арқылы оның есту аппаратына немесе құлаққабына оқытушының микрофонынан, өз пультінің микрофонынан және сыныптағы барлық басқа оқушылардың пульттерінің микрофондарынан анық және сапалы дыбыс беріледі.

Аудиосынып нашар еститін балалардың оқуына көмектеседі

Мұғалімнің басқару пульті оның материалды сабақ, дәріс режимінде беруді таңдауына, оқушыға орнында сауалнама жасауға, сондай-ақ сыныптың шуылынан педагогтың дауысын оқушының анықтауына мүмкіндік береді.

«АЯЛА» қоры аудиосыныптарды «Айрықша балаларға – айрықша назар» жобасының шеңберінде береді. Бұл жоба бүкіл Қазақстан бойынша түзететін бөбекжай-бақшаларды және мектеп-интернаттарды балалардың есту, көру қабілетін жақсартуға, ақыл-парасатын дамытуға арналған арнайы жабдықпен жарақтандыруға көмектеседі. 2007 жылдан бері бұл жобамен Қазақстанның 20 қаласында 20 мыңнан астам бала қамтылды.

Қазір біздің қор Семей қаласының түзететін мектеп-интернатына аудиосынып сатып алу үшін қаражат жинауда. Бұл мектепте Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарынан келген, есту қабілеті толық және жартылай жоғалған 140 бала оқып жатыр.

Аудиосынып нашар еститін балалардың оқуына көмектеседі

Шығыс Қазақстан облысының балаларына аудиосыныптың көмегімен естуін жақсартып, оқуына жәрдем беріңіз.

Көмектескім келеді

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу