Сәбидердің ақыл-парасатын және денсаулығын сақтауға арналған фототерапия шамы

Фототерапия шамы сәбилерді сары аурудан емдеп, олардың денсаулығы мен ақыл-парасатын сақтап қалуға көмектеседі.

Сәбидердің ақыл-парасатын және денсаулығын сақтауға арналған фототерапия шамы

Сәбилердің сары ауруы – бұл орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылуына әкеп соқтыратын уытты билирубин деңгейінің көтерілуі. Жаңа туған сәбидің немесе бала өміріның алғашқы айларында терісінің және көз алмасының сарғаюы түрінде көрініс береді.

Әсіресе шала туған балалар, қаны аз және құрсақішілік жұқпасы бар балалар арасында жиі кездеседі. 

Қанда уытты билирубин деңгейінің аса жоғары болуы баланың бас миының біржола зақымдалуының, соның ішінде:

  • дамуының тежелуінің
  • атетоидтік церебрал сал ауруына, жартылай немесе толық сал ауруына ұшыраудың
  • құрысудың
  • есту қабілетін толық жоғалтуға дейінгі проблеманың себебі болуы мүмкін.

Сәбидердің ақыл-парасатын және денсаулығын сақтауға арналған фототерапия шамы

Фототерапия – бұл арнайы шамдардың сәулесінің көмегімен уытты билирубинді төмендетудің заманауи әдісі. Мұндай терапияның ұзақтығы мен қарқындылығы туған кезде баланың дене салмағына, сондай-ақ билирубин көрсеткішінің қаншалықты көтерілуіне байланысты болады.

Фототерапия шамы сәуле шығарудың көк-жасыл спектрінде жоғары қарқындылықпен арнайы жарықтандыруды білдіреді және баланың ағзасына мүлдем зиянсыз. 

Қуатты жарық билирубиннің тік емес молекулаларының пішімі мен құрылымын суда еритіндей етіп өзгертеді, нәжіспен және несеппен шығарыла бастайды.

Фототерапия шамының шекті қызмет мерзімі 1000-нан 2000 сағатқа дейін болады. Бұдан кейін ол ауыстырылуы тиіс. Сондықтан перзентханаларда мұндай шамдарға сұраныс әрқашан өте жоғары.

Сәбидердің ақыл-парасатын және денсаулығын сақтауға арналған фототерапия шамы

«АЯЛА» қоры «Өмір сыйлайық» жобасы шеңберінде Қазақстандағы перзентханалар мен перинаталдық орталықтарға фототерапия шамдарын жеткізіп береді. Жиналған қаражаттың арқасында Қазақстанда он мыңдаған баланың өмірі мен денсаулығы құтқарылды.

Жоба елдің 36 қалалары мен елді мекендеріндегі 66 медициналық мекемені қамтыды.

«АЯЛА» қоры 90 фототерапия аппараттарын, 10 өкпені жасанды желдету аппараттарын, нәрестелерге арналған 6 инкубатор, 18 жансақтау үстелшелерін, 140 инфузиялық және шприцтік мөлшерлегіштер, 7 СИПАП аппараттарын, 25 төсек маңындағы мониторлар, 2 наркоздық аппарат, дефибриллятор, ЭЭГ аппаратын және балалардың өмірін құтқарып қалу үшін маңызды жүздеген басқа медициналық құрылғылар сатып алды және балалардың жансақтау бөлімдеріне жеткізіп берді.

Сәбидердің ақыл-парасатын және денсаулығын сақтауға арналған фототерапия шамы

Көмектескім келеді

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу