Жабдықтарды ЭксонМобил компаниясының демеушілік қолдауымен «Өмір сыйлайық» атты ауқымды жобасын жүзеге асыру аясында AYALA қайырымдылық қоры жеткізіп берді. Бұл жабдықтар неонатолог дәрігерлерге жаңа туған балалардың өміріне араша болуға көмектеседі және өңірдің сәби өлімін азайтуға елеулі үлес қосады.
«Біздің облыста балалар өлімі мәселесі әлі де өзекті. Сондықтан біз балалар реанимациясын алдыңғы қатарлы медициналық жабдықтармен жабдықтау үшін көмек алғанымызға әрқашан қуанамыз. AYALA қорына біздің орталыққа 4 заманауи реанимациялық техника түріндегі сыйлығы үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл аппараттарды біздің дәрігерлер жаңа туған нәрестелерді құтқару, сауықтыру және емдеу кезінде пайдаланатын болады. ЭксонМобил компаниясына жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапиясы бөлімшесіне қолдау көрсеткені үшін, балалардың денсаулығын қолдағаны үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз! - деп атап өтті Ақтау қаласының Облыстық перинаталдық орталығында.
Бұл медициналық мекеменің құрамында 230 төсек бар және ол бүкіл Маңғыстау облысы бойынша жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге ІІІ деңгейдегі медициналық көмек көрсету бойынша жалғыз орталық болып табылады. Салмағы 500-ден 1500 грамға дейінгі өте ерте шала туған балалардың 94%-дан астамы осы медициналық орталықта дүниеге келеді. Жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жүйесі және ағзаның басқа да өмірлік маңызды жүйелері дамуының туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестелер де жан-жақты медициналық қолдау алу және емдеу үшін жіберіледі.
ЭксонМобил компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі Ақмарал Сабирова: «Денсаулық сақтау - біздің компанияның әлеуметтік жобалары үшін басым бағыттардың бірі. Реанимацияларды заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарта отырып, біз еліміздің болашақ ұрпақтарының денсаулығы мен генетикалық әлеуетін сақтауға көмектесеміз. ЭксонМобил өңірдің медициналық орталықтарына көмек көрсетуде AYALA қайырымдылық қорымен және облыстық денсаулық сақтау басқармасымен ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отыр. Компанияның денсаулық сақтау саласына салған инвестициялары Маңғыстау облысы халқының денсаулығы мен әл-ауқатына айтарлықтай оң әсерін тигізеді деп үміттенеміз».
AYALA қайырымдылық қоры 15 жылдан бері Қазақстандағы бала өлімі мен мүгедектігін азайту бойынша жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде қор 67 перинаталдық және ғылыми орталықтарға, сондай-ақ еліміздің балалар ауруханаларына 1100-ден астам реанимациялық жабдықтарды тапсырды. Бұл қатарға «Өмір сыйлайық» ауқымды республикалық жобасы бойынша заманауи реанимациялық жабдықтар кіреді.
«Біздің қор жұмысының басты тәсілі - тиімді қайырымдылық. Демеушілердің қаражаты мен қазақстандықтардың қайырымдылық жарналары бір жолғы көмекке емес, жылдар бойы жұмыс істейтін жобаларға жұмсалады. Оның нәтижесі - біздің елден тыс жерлерде емес, Қазақстанның өз ішінде аман алып қалған жүздеген мың бала өмірі.Тек 2021 жылы ғана «Өмір сыйлайық» жобасы аясында қор Қазақстанның 12 перинаталдық орталығына 80 жаңа медициналық техника орнатты. Биыл жұмыс жалғасуда. Біздің міндетіміз - балалардың функционалды мүмкіндігін барынша көп сақтап қалу. Олар жайлы дамып, қарапайым балабақшаға, мектепке барып, болашақта мамандық алуы үшін. Біз ЭксонМобил компаниясымен осы көзқарасқта пікірлес болғанымызға қуаныштымыз. Ақтау қаласының Облыстық перинаталдық орталығында орнатылған жабдықтар алдағы 5 жылда Маңғыстау облысында жүздеген нәрестенің өмірі мен зиятын сақтап қалуға көмектеседі», - деп түсіндірді AYALA ҚҚ президенті Айдан Сүлейменова.
AYALA ҚҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен баланы қорғау департаментімен тұрақты жұмыс байланысында болады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде атап өткендей, AYALA қормен ынтымақтастық пайдалы, себебі перинаталдық орталықтарды диагностикалық және хирургиялық жабдықтармен жеткіліксіз жабдықтау мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Бұл проблема сапалы скрининг жүргізуге және шала туған балаларды уақтылы емдемеуге әсер етеді. Қордың өңірлік перинаталдық орталықтарға қоятын аппараттары мемлекетке шала туған балалар арасында мүгедектікті айтарлықтай азайтуға көмектеседі.
Мамыр айының соңында AYALA қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен Ынтымақтастық туралы үшінші меморандумға қол қойды. Ол ерте туған нәрестелерде ретинопатиямен сырқаттануды азайту бағытындағы күш-жігерді үйлестіруге бағытталған. Меморандум бірқатар мәселелерді пысықтаудағы ынтымақтастықты, оның ішінде 2023 жылғы бюджетке ангиогенез ингибиторларын интравитреалды енгізуге арналған препараттарды сатып алу үшін қаражатты енгізу мүмкіндігін қамтиды. Ол сондай-ақ жаңа туған нәрестелердің ретинопатиясын тиімді емдеу мәселелерін зерделеуді және оның мақсаттарына қол жеткізу үшін өзге де жәрдем көрсетуді көздейді.