Босанудың күрделі жағдайларында жаңа туған нәрестелерді емдеуде дәрігерлерге көмек көрсету үшін AYALA Қайырымдылық қоры заманауи реанимациялық жабдықтарды - шала туған балалардың қарқынды терапиясына арналған инкубаторды және ашық реанимациялық жүйені тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алдағы 5 жылда бұл медициналық техника дәрігерлерге кемінде 1350 баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Жобаға BAYER Қазақстан компаниясы 9,5 млн теңге көлемінде демеушілік қолдау көрсетті.
«Біздің перзентхана Атырау қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің ІІ деңгейіне жатады. Қалада тұратын әйелдердің босану қиын болған жағдайларда бізге жіберіледі. Жедел және сапалы көмек көрсету үшін біздің Жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесі реанимациялық жабдыққа өте зәру болды. Біз неонатолог-дәрігерлерге және реаниматологтарға кішкентай атыраулықтарға күтім жасауға және функционалдық денсаулығын сақтауға көмектесетін заманауи сенімді жабдықтар жиынтығын алғанымызға қуаныштымыз. AYALA қоры мен BAYER компаниясына қаламыздың неонатологтарының қажеттіліктеріне назар аударғаны үшін алғысымызды білдіреміз», - деді «Атырау қалалық перзентханасының» директоры Гулзинеп Суюнгалиевна Дюсупова.
AYALA қайырымдылық қоры 15 жылдан бері мемлекетке «Өмір сыйлайық» жобасын жүзеге асыру арқылы бала өлімі мен мүгедектігін азайтуға көмектесіп келеді. 2007 жылдан бері бұл жоба 2 млрд теңгеден астам қаражат жинады, оған еліміздің 67 мемлекеттік медициналық орталығы 1100-ден астам заманауи реанимациялық жабдықтар алды және 1000-нан астам неонатолог дәрігер біліктілікті арттыру бойынша тегін курстардан өтті. Қордың мұндай жүйелі тәсілі елден тыс жерлерде емес, Қазақстанда жүздеген мың баланың өмірі мен функционалдық денсаулығын сақтап қалуға көмектесті.
«Өмір сыйлайық» жобасы Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басымдықтарына толық сәйкес келеді. Атап айтқанда, 2025 жылға қарай біздің елімізде сәбилер өлімі 1000 тірі туған балаға шаққанда 10,1-ден 8,3-ке дейін төмендеуі тиіс. Біздің қордың балалар реанимациясын заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы осы көрсеткіштің төмендеуіне тікелей әсер етеді. Сондықтан біз "Өмір сыйлайық" жобасына демеушілерді іздестіру және тарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеміз және балалар денсаулығын қайырымдылық арқылы қолдағаны үшін " BAYER Қазақстан" компаниясына шексіз ризашылығымызды білдіреміз», - деп атап өтті AYALA ҚҚ президенті және негізін қалаушы Айдан Сүлейменова.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген ауқымды түгендеу қорытындылары мемлекеттік медициналық мекемелердегі медициналық техниканың тозу деңгейі шамамен 49 пайызды құрайтынын көрсетті. Медициналық жабдық әрбір 5 жыл сайын жаңартылуы тиіс, алайда Қордың мемлекеттік медициналық мекемелермен өзара іс-қимылының көп жылдық тәжірибесі мұндай ауыстыру болмайтынын көрсетеді. Сондықтан да 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында ғана AYALA ҚҚ демеушілердің қолдауымен және қазақстандықтар жинаған қаражатына Атыраудағы көпбейінді ауруханалардың, перинаталдық орталықтардың және қалалық перзентханалардың 15 балалар реанимациясын жабдықтауға 280 млн теңгеден астам қаражат жұмсады.
«Аналар мен балалардың денсаулығына қамқорлық жасау - Bayer компаниясының «Ауру мен ашаршылықсыз әлем» миссиясының маңызды құрамдас бөлігі. Мен екінші жыл AYALA қайырымдылық қорымен күш біріктіріп келе жатқанымызға қуаныштымын. Осы бастаманың арқасында бізде Атырау қаласының болашақ ұрпақтарының денсаулығын жақсартуға үлес қосу мүмкіндігі бар», - деп түсіндірді Қазақстандағы Bayer Бас директоры Лаума Валтере.