Абай облысының дәрігерлері шала туған нәрестелердің ретинопатиясын емдеуде серпіліс жасады

Семей қаласының облыстық перинаталдық орталығына ретиналды камера мен офтальмоскоп берілгеннен бері ретинопатиясы бар бірде-бір нәресте соқыр болып қалған жоқ. 

Абай облысының дәрігерлері шала туған нәрестелердің ретинопатиясын емдеуде серпіліс жасады

Семейде Қазақстандағы алғашқы жаңа үлгідегі ретиналды камера пайда болды. Құны 26 миллион теңгеден асатын заманауи диагностикалық жабдық Halyk Bank-тің демеушілік қолдауымен сатып алынды және қазірдің өзінде облыстың шала туған нәрестелерін толық соқырлықтан құтқаруға көмектесуде.

Облыстық перинаталдық орталықта орнатылғаннан кейін осы ретиналды камерада 15 бала тексерілді, олардың екеуінде бірінші сатыдағы шала туған нәрестелердің ретинопатиясы, бір балада - шала туған нәрестелердің ретинопатиясының агрессивті формасы анықталды, сондай-ақ, көз торының транспупиллярлық лазерлік коагуляциясынан кейінгі екі баланың динамикасы бақыланады.

Halyk Bank қолдауымен AYALA қоры берген «3nethra neo» ретиналды камерасы өзінің техникалық сипаттамалары бойынша Қазақстанда жұмыс істейтін ұқсас түрлерінен әлдеқайда асып түседі. Бұл Қазақстандағы медициналық мекемеге берілетін жаңа үлгідегі алғашқы камера. Үндістанда бұл жабдық 250 медициналық орталыққа орнатылған. Бұдан басқа, оны Франция, Бельгия, Чехия, Италия, Германия, Латвия, Нидерланд, Словения, Испания белсенді импорттайды.

«Halyk Bank қайырымдылық пен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. Біздің қолдауымызбен Семейдегі Облыстық перинаталдық орталық жаңа туған нәрестелерге арналған ретиналды камераға ие болғанына қуаныштымыз. Бұл патологияны дер кезінде анықтауға, оларды емдеуге және нәрестелерге әлемді жарқын бояулармен көруге мүмкіндік береді деп үміттенеміз», - деп түсіндірді Семейдегі Halyk Bank филиалының басшысы Гүлжахан Бәйтерекова.

«3nethra neo» құрылғысы Үндістанда жасалған және бірнеше жыл ішінде бұл елге жаңа туған сәбилердің ретинопатия індеті проблемасын шешуге көмектесті. Ол офтальмолог дәрігерге тіпті реанимация жағдайында және жаңа туған нәрестені ӨЖЖ аппаратына қосқанда да баланы диагностикалауға мүмкіндік береді - мұндай мүмкіндік басқа аппараттарда жоқ. Бұл ретинальды камера пайдалануда қарапайым және өзінің ішкі жады блогында емес, ноутбукпен үйлесіп, онда кішкентай пациенттер туралы барлық ақпаратты, олардың ретинопатия диагностикасының фотосуреттері мен бейнеқұжаттарын сақтайды.

«Біздің Перинаталдық орталықтың дәрігер-офтальмологы енді кез келген ыңғайлы жерде офтальмологиялық скрининг нәтижелерімен жұмыс істей алады және пациентті одан әрі бақылау тактикасын әзірлеу үшін әріптестерімен қашықтан консультациялар өткізген жағдайда деректермен алмасуды жылдам жүргізе алады. Ретиналды камера оған күн сайын динамикадағы бақылаулар негізінде баланың жағдайын бағалауға көмектеседі. Портативті, жеңіл құрылғы, бейнелерді бір қолмен жасауға мүмкіндік бар, ал камера көз түбін табиғи қызғылт түсті етіп көрсетеді. AYALA қоры мен Halyk Bank-ке зор ризашылығымызды білдіреміз. Орталыққа берілген жабдықтардың арқасында біз шала туған нәрестелерді соқырлықтан құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймы», - деп атап өтті Абай облысының Облыстық перинаталдық орталығының директоры Арқат Құдайбердіұлы Дайырбеков.

2022 жылдан бастап Абай облысының Облыстық перинаталдық орталығына AYALA қайырымдылық қоры 45,4 млн теңгеден астам сомаға ретинопатияны диагностикалау мен емдеуге арналған офтальмологиялық жабдықтардың толық жиынтығын (салқын офтальмоскоп, лазер және ретиналды камера), сондай-ақ ретинопатияның күрт дамитын түрлерін емдеуге арналған «Луцентис» препаратының 10 құтысын тапсырды.  Осы көмектің арқасында Абай облысындағы бірде-бір бала соқыр болып қалған жоқ.

Қазақстандық дәрігерлердің мәліметінше, қазіргі уақытта мерзімінен бұрын туған нәрестелердің 40% жуығы ретинопатиямен - көз ауруымен ауырады, бұл шала туған нәрестелерде көру қабілетінің біржола жоғалуына әкеп соғады. Оларды толық соқырлықтан құтқару үшін күрделі диагностиканы мүмкіндігінше ертерек жүргізу қажет. Енді Семей қаласында орналасқан облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлерінде мұндай мүмкіндік бар.

«Ретинопатия аурудың сыртқы ешқандай белгілерінің болмауымен қауіпті. Тек мамандандырылған және оқытылған офтальмолог арнайы жабдықтың көмегімен осы аурудың ерте пайда болуын көре алады. 2022 жылға дейін Қазақстанның Перинаталдық орталықтарын ретинопатияның ерте скринингіне арналған жабдықтармен жабдықтау өте қиын болды - ол тек 4 орталықта ғана тұрды. Біздің қордың күш-жігерінің арқасында ол еліміздің 14 медициналық мекемесінде пайда болды. Бұл Қазақстанда жаңа туған нәрестелерді офтальмологиялық скринингпен қамтуды 11,8%-ға ұлғайтуға, шала туған балаларда ретинопатияны анықтауды 20,6%-ға арттыруға және ретинопатия кезінде көз торын лазеркоагуляциялау бойынша 34,3%-ға көп операциялар жүргізуге көмектесті. Офтальмолог дәрігерлер отыз баланың көру қабілетін сақтап қалды, соның ішінде 21 балаға - біздің қор сатып алған "Луцентис" препараты енгізілді», - деп атап өтті AYALA ҚҚ негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу